Ақпарат » Страница 3 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
Аудандық “Мағжан оқулары” байқауы
01
сәуір
2026
Аудандық “Мағжан оқулары” байқауы
Аудандық “Мағжан оқулары” байқауында мектебіміздің үздік оқушыларының бірі Қайролда Кәусар 40 өлең жаттап жүлделі 3 орын алды. Жетекшісі: Ауелбекова Айгерім Матайбекқызы. 11 сыныптың өнерлі оқушысы Қалибай Амина ән айту номинациясы бойынша жүлделі 2 орын алды. Жетекшісі: Айдарханова Балхаш Дуйсенбаевна. Жас дарындарды құттықтаймыз!!!!  
5–8 сынып оқушыларына арналған «PROECO» экологиялық жобалар конкурсы
31
наурыз
2026
5–8 сынып оқушыларына арналған «PROECO» экологиялық жобалар конкурсы
Мектебіміздің оқушысы Турсынжанұлы Бағлан 5–8 сынып оқушыларына арналған «PROECO» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша жүлделі II орын иеленді. Жетекшісі: Иманалиева Нурсулу Сергазиевна Бұл – оқушының талпынысы мен жетекшінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі! Сіздерге алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!  
«Zhylandy Open – 2026»
27
наурыз
2026
«Zhylandy Open – 2026»
«Zhylandy Open – 2026» Жер жаннаты – Жетісу өңірінің көрікті мекендерінің бірі, Алакөл ауданына қарасты Жыланды ауылында «Zhylandy Open» математикалық турнирінің облыстық кезеңі дәстүрлі түрде 8-рет өткізілуде. Бұл турнир – дарынды оқушылардың математикалық қабілеттерін шыңдап, логикалық ойлауын дамытуға, сондай-ақ ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды зияткерлік алаң. Биылғы білім бәйгесіне облыстың әр өңірінен іріктеліп келген 84 үздік оқушы қатысып, өз білімдері мен
Облыстық «TERRA» олимпиадасы
26
наурыз
2026
Облыстық «TERRA» олимпиадасы
2026 жылғы 26 наурыз күні Талдықорған қаласындағы №24 мектеп-лицейінің базасында өткен облыстық «TERRA» олимпиадасында мектебіміздің химия, тарих және биология пәні мұғалімдері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды II дәрежелі диплом иегерлері: 1️⃣Отарбекова Макпал Несипбалановна 2️⃣Унгирбаева Айгерим Жумашевна 3️⃣Иманхатова Жанар Дулатовна 4️⃣Байжанова Айдана Танирбергеновна 🥉 III дәрежелі диплом иегерлері: 1️⃣Шалкибекова Лунара Бигалиевна 2️⃣Сейдельханова Толкын Адильхановна Бұл
Аудандық «Ұлттық ойын – рухани мұра» атты ұлттық спорт түрлерінен спартакиада
20
наурыз
2026
Аудандық «Ұлттық ойын – рухани мұра» атты ұлттық спорт түрлерінен
20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай өткен аудандық «Ұлттық ойын – рухани мұра» атты ұлттық спорт түрлерінен спартакиадада Абай атындағы мектеп-гимназиясының командасы жүлделі І орынды иеленді 🏆 Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттауда қосқан үлестеріңіз зор. Алар асуларыңыз биік болсын! 💪🇰🇿  
Облыстық олимпиада
19
наурыз
2026
Облыстық олимпиада
Талдықорған қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадада жүлделі орын иеленген дарынды шәкірттерді марапаттау рәсімі өтті. Мектебіміздің білім шыңын бағындырып келе жатқан оқушыларының бірі – Қазақстан тарихы пәнінен III дәрежелі диплом иегері, 11 «А» сынып оқушысы Хапез Арайлым марапатталды. Жетекшісі Иманхатова Жанар Дулатовнаға шәкіртінің білімін шыңдап, жоғары нәтижеге жетуіне қосқан еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз! Дарынды шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз!
“Қазақ аруы – 2026” байқауы
17
наурыз
2026
“Қазақ аруы – 2026” байқауы
БАС ЖҮЛДЕ Жастар саясатының ұйымдастыруымен аудандық “Қазақ аруы – 2026” байқауы жоғары деңгейде өтті 🌸 Сұлулық пен парасатты қатар ұштастырған арулар арасынан оза шапқан Жәнібекқызы Айғаным бас жүлдені жеңіп алды 👑 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, сіздер — қазақ қыздарының нағыз көркі мен мақтанышысыздар! 💐  
«Ең үздік оқырман сынып» байқауы
12
наурыз
2026
«Ең үздік оқырман сынып» байқауы
Мектебімізде 1-4 сыныптар арасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман сынып» байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және белсенді оқырман сыныпты анықтау Нәтижесінде 4 «в» сынып оқушылары «Білімге құштар оқырмандар» 2 «б» сынып оқушылары «Кітап әлемінің кішкентай зерттеушілері» 3 «ә б» 1 «а» 2 «ә г» сынып оқушылары «Жас кітап құмар оқушы» 4 «а» сынып оқушылары «Кітапқа адал дос» номинацияларымен марапатталды.  
💐 Оқушылардан ұстаздарға құрмет!
06
наурыз
2026
💐 Оқушылардан ұстаздарға құрмет!
💐 Оқушылардан ұстаздарға құрмет! Бүгін мектебімізде оқушыларымыз мұғалімдерге арнап ерекше құттықтау ұйымдастырды. Жылы сөздер, шынайы тілектер мен әсем өнерлері арқылы ұстаздарына алғыстарын білдірді. Ұстаз – білімнің шамшырағы, шәкірт жүрегіне жол таба білетін асыл жан. Осындай құрметке толы сәттер ұстаз бен оқушы арасындағы сыйластықты одан әрі арттыра түсті. Барша ұстаздарымызға шығармашылық табыс, зор денсаулық және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін көре берулеріңізді тілейміз! 🌸