Облыстық Абай оқулары байқауында 8-сынып оқушысы Шакратова Алтынай жүлделі 3-орынды иеленді
Бұл – үлкен еңбектің, талпыныс пен табандылықтың нәтижесі. Алтынайдың өнері мен білімге деген құштарлығы көпке үлгі болары сөзсіз.
Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аргынбаева Аида. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі әрқашан жемісті болсын!
Алтынайға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! 🌟