«Балалардың көзімен заң» атты қашықтықтан өткен байқау
5-сынып оқушылары арасында «Балалардың көзімен заң» атты қашықтықтан өткен байқауда балалар заң, тәртіп, әділдік тақырыптарында өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп бейнеледі. Байқаудың мақсаты: Оқушылардың құқықтық мәдениетін дамыту, «заң және тәртіп» ұғымы туралы түсінігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін арттыру. Қатысушылар түрлі техникада (қарындаш, гуашь, акварель т.б.) А3, А4 форматында шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Әр суреттен баланың құқықтық түсінігі, ойы мен талпынысы айқын