Мұғалімдер жетістіктері » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
Облыстық «TERRA» олимпиадасы
26
наурыз
2026
Облыстық «TERRA» олимпиадасы
2026 жылғы 26 наурыз күні Талдықорған қаласындағы №24 мектеп-лицейінің базасында өткен облыстық «TERRA» олимпиадасында мектебіміздің химия, тарих және биология пәні мұғалімдері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды II дәрежелі диплом иегерлері: 1️⃣Отарбекова Макпал Несипбалановна 2️⃣Унгирбаева Айгерим Жумашевна 3️⃣Иманхатова Жанар Дулатовна 4️⃣Байжанова Айдана Танирбергеновна 🥉 III дәрежелі диплом иегерлері: 1️⃣Шалкибекова Лунара Бигалиевна 2️⃣Сейдельханова Толкын Адильхановна Бұл
Облыстық әдістемелік орталық және “Зерделі ақыл-ойды дамыту”
03
наурыз
2026
Облыстық әдістемелік орталық және “Зерделі ақыл-ойды дамыту”
🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉 Облыстық әдістемелік орталық және “Зерделі ақыл-ойды дамыту” орталығының ұйымдастыруыменен өткен “Ой сандық” математика және оқу сауаттылығы пәндері бойынша мұғалімдер арасындағы байқауда мектебіміздің ұстаздары жүлделі орындарға ие болды! 🏆 Қазақ тілі пәні мұғалімі Ауелбекова Айгерім – ІІ орын 🏆 Қазақ тілі пәні мұғалімі Аргынбаева Аида – ІІІ орын 🏆 Математика пәні мұғалімі Серік Ақжол – ІІІ орын Әріптестеріміздің кәсіби шеберлігі, білімділігі мен табандылығы – зор еңбектің
Облыстық математикалық регата олимпиадасы
31
қаңтар
2026
Облыстық математикалық регата олимпиадасы
Облыстық математикалық регата олимпиадасында мектебіміздің жас маманы, небәрі 2 жылдық еңбек өтілі бар математика пәнінің мұғалімі Серік Ақжол ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Бұл — жас ұстаз үшін облыстық деңгейде жеткен елеулі жетістік, кәсіби ізденіс пен табанды еңбектің айқын көрінісі. Әріптесімізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз.  
«Лучший учитель русского языка и литературы» аудандық кезеңі
30
қаңтар
2026
«Лучший учитель русского языка и литературы» аудандық кезеңі
28 қаңтар күні өткен «Лучший учитель русского языка и литературы» аудандық кезеңінде мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Максименко Наталья Сергеевна жеңімпаз атанды! Енді ұстазымыз облыстық кезеңде бақ сынайды. Құрметті әріптесімізге сәттілік, шабыт және жоғары нәтиже тілейміз! 🌹
Республикалық «Shabyt.kz»
13
қаңтар
2026
Республикалық «Shabyt.kz»
Республикалық «Shabyt.kz» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік педагог – 2025» байқауында «Бастауыш білім беру» бағыты бойынша мектеп мұғалімі Баяхметова Гулизат Жанахметовна белсене қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды 🏆 Бұл жетістік — жоғары кәсіби шеберліктің, терең білім мен тәжірибенің,сондай-ақ педагогикалық қызметке қосқан елеулі еңбектің нәтижесі. Алға қойған мақсаттар көп, жаңа белестер алда!
Облыстық RoboTech 2025 байқауы
20
желтоқсан
2025
Облыстық RoboTech 2025 байқауы
Облыстық RoboTech 2025 байқауында ІІІ орын алған информатика пәнінің мұғалімдері Мыңбай Елшат пен Дулат Қанатжанұлы шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен шығармашылықтарыңыз – оқушыларға шабыт пен сенім беретін нағыз үлгі. Осындай ұстаздардан білім алған оқушыларымыз да жаңа жетістіктерге жететініне сенімдіміз. Алдағы уақытқа жаңа жобалар, биіктер және зор шығармашылық табыс тілейміз! 👏  
«Шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау, қолдау және ілгерілету» XV Халықаралық конференциясы
15
желтоқсан
2025
«Шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау, қолдау және ілгерілету» XV
Мектебіміздің  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Максименко Наталья Сергеевна Минск қаласында өткен «Шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау, қолдау және ілгерілету» XV Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты. Конференция 22 елден келген орыс тілі мамандары мен гуманитарлық білім беру саласының өкілдерін біріктірді. Конференция кәсіби диалог жүргізуге, педагогикалық тәжірибе алмасуға және орыс тілін халықаралық білім беру кеңістігінде оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
15
желтоқсан
2025
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
15 желтоқсан Муратбекова Альбина Муратовна Талдықорған қаласында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне «Сабақ айтқан соң…» бағыты бойынша қатысып, сертификатқа ие болды. Аталған фестиваль тәжірибе алмасуға, тың идеялармен бөлісуге және кәсіби дамуға үлкен мүмкіндік берді. Алдағы уақытта жаңа ізденістер мен шығармашылық табыстар көп болсын! 
Республикалық «Олимп шыңы» педагогтардың олимпиадасы
21
қараша
2025
Республикалық «Олимп шыңы» педагогтардың олимпиадасы
Республикалық «Олимп шыңы» педагогтардың олимпиадасында қазақ тілі пәні мұғалімі Арғынбаева Аида Ембергеновна 2-орын иеленді! Бұл — тынымсыз еңбектің, кәсіби шеберліктің, білімге деген сүйіспеншіліктің жарқын нәтижесі. Құттықтаймыз Аида Ембергеновна! Жаңадан ашылатын белестер мен толағай табыстар көп болсын!👏  
«Құрмет грамотасымен» марапатталды
20
қазан
2025
«Құрмет грамотасымен» марапатталды
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Мектебіміздің ұстазы Смаханов Арыстанбек Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Бұл марапат – жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулудағы, шәкірт тәрбиелеудегі жемісті еңбегі мен кәсіби шеберлігінің айғағы. Әріптесіміздің еңбегі еленіп, табыстары жалғаса берсін!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 15 Вперед