Спорт саласында оқушылардың жетістіктері » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Спорт саласында оқушылардың жетістіктері
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде көңілді эстафеталық жарыс өтті 🏃‍♂️💪
07
сәуір
2026
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде көңілді
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде көңілді эстафеталық жарыс өтті 🏃‍♂️💪 Оқушылар белсенділік танытып, жылдамдық пен ептіліктерін көрсетіп, нағыз командалық рухты сезінді. Әр топ жеңіске деген жігерін байқатып, жарыс қызықты әрі тартысты өтті 🔥 Салауатты өмір салтын насихаттау — біздің басты мақсатымыз! Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз 👏  
Аудандық Дене шынықтыру пәнінің олимпиадасы
06
сәуір
2026
Аудандық Дене шынықтыру пәнінің олимпиадасы
Аудандық Дене шынықтыру пәнінің олимпиадасында мектебіміздің оқушылары 3 орынды иеленді. Жетекшісі : Ақбаев Асет, Дюсембеков Нұрлан  
Асық атудан жарыс өтті
02
наурыз
2026
Асық атудан жарыс өтті
Салауатты өмір салтын насихаттап, нашақорлықтың алдын алу мақсатында дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында мектепішілік Асық атудан жарыс өтті. Нәтижесінде 1 орын Абильтай Мансұр 2 орын Әуесбек Рамазан 3 орын Жаменов Ислам иеленді. Құттықтаймыз  
«Шұбар доп» волейбол жарысы
30
қаңтар
2026
«Шұбар доп» волейбол жарысы
🔰Облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен «Шұбар доп» волейбол жарысында ауданымыздың абыройы асқақтады! 🔥 🏐 9–11 сынып оқушылары арасындағы тартысты ойында Абай атындағы мектеп-гимназия командасы қарсылас шақ келтірмей, жүлделі І орынды иеленді. Ең бастысы — біздің жігіттер республикалық кезеңге жолдама алды! Бұл – үлкен еңбек пен дайындықтың жемісі. 👏 Командамызды және жаттықтырушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Республикалық додада облыс намысын абыроймен қорғап келулеріне
9-11 сынып қыздар арасындағы баскетболдан «Ұлттық Мектеп Лигасының» облыстық кезеңі
30
қаңтар
2026
9-11 сынып қыздар арасындағы баскетболдан «Ұлттық Мектеп Лигасының»
🏆🏆🏆2026 жылдың 28-30 қаңтар аралығында өткен 9-11 сынып қыздар арасындағы баскетболдан «Ұлттық Мектеп Лигасының» облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. 🥇🥇🥇Нәтижесінде Абай атындағы мектеп гимназия қыздар құрамасы барлық қарсыластарын басып озып, жүлделі І ОРЫНДЫ иеленді! 🔥🔥🔥Бұл жеңіс бізге Республикалық кезеңге тікелей жолдама сыйлады! Енді еліміздің үздіктерімен бақ сынасатын боламыз. Команданы жеңіске жетелеген жаттықтырушымыз және намысты қолдан бермеген қыздарымызға мың алғыс! Республикада тағы
Асық атудан 5–6 сынып оқушылары арасында өткен Ұлттық Мектеп Лигасы
23
қаңтар
2026
Асық атудан 5–6 сынып оқушылары арасында өткен Ұлттық Мектеп Лигасы
Асық атудан 5–6 сынып оқушылары арасында өткен Ұлттық Мектеп Лигасының аудандық жарысында біздің команда І орын иеленді. Жеңімпаздар: Абильтай Мансұр Жаменов Ислам Мұрат Абдумалик Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды. 🎉  
*Үстел үсті ойындары – дойбы жарысы
12
желтоқсан
2025
*Үстел үсті ойындары – дойбы жарысы
Абай атындағы мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5-11 сыныптар арасында “Тәуелсіз елдің зияткер ұрпағы” атты мектепішілік үстел үсті ойындары – дойбы жарысы ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Нәтижесінде: 1 орынды Смагулов Санжар 2 орынды Жетпісбай Алинур 3 орынды Мұрат Абдулмалик иеленді Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
“Шұбар доп” волейбол жарысы
03
желтоқсан
2025
“Шұбар доп” волейбол жарысы
2025 жылдың қараша айында өткен Ұлттық Мектеп Лигасы аясындағы “Шұбар доп” волейбол жарысында 9-11 сынып ұлдары арасындағы аудандық кезеңнен Абай атындағы мектеп-гимназиясы 1 орын иеленді. Оқушылар ұйымшылдық пен жоғары дайындық танытып, үздік ойын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жетекшілері: Мырзахметов Асет, Аухадиев Аслан Жеңімпаздарды және жаттықтырушыларын құттықтаймыз. Облыстық кезеңде де сәттілік тілейміз. 
Волейболдан “Шұбар доп” 5-6 сынып окушылары ұлдар арасындағы аудандық жарысы
29
қараша
2025
Волейболдан “Шұбар доп” 5-6 сынып окушылары ұлдар арасындағы аудандық
Оқушыларымыз ҰМЛ Волейболдан “Шұбар доп” 5-6 сынып окушылары ұлдар арасындағы аудандық жарысында 1 орын иеленді. Құттықтаймыз! 
9-11 сынып ұлдар мен қыздар командалары арасында аудандық “Ұлттық Мектеп Лигасы”
14
қараша
2025
9-11 сынып ұлдар мен қыздар командалары арасында аудандық “Ұлттық
2025 жылдың 14 қарашасында 9-11 сынып ұлдар мен қыздар командалары арасында аудандық “Ұлттық Мектеп Лигасы” аясында баскетбол жарысы өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша: - Ұлдар командасы үздік ойын көрсетіп, III орын иеленді. - Қыздар командасы жоғары шеберлік танытып, I орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Үздік ойыншы номинациясымен: - Темірхан Балауса - Уразмолда Шолпан марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Табыстарыңыз еселене берсін! 🏀👏