🏆🏆🏆2026 жылдың 28-30 қаңтар аралығында өткен 9-11 сынып қыздар арасындағы баскетболдан «Ұлттық Мектеп Лигасының» облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
🥇🥇🥇Нәтижесінде Абай атындағы мектеп гимназия қыздар құрамасы барлық қарсыластарын басып озып, жүлделі І ОРЫНДЫ иеленді!
🔥🔥🔥Бұл жеңіс бізге Республикалық кезеңге тікелей жолдама сыйлады! Енді еліміздің үздіктерімен бақ сынасатын боламыз.
Команданы жеңіске жетелеген жаттықтырушымыз және намысты қолдан бермеген қыздарымызға мың алғыс! Республикада тағы да бағындырасыз деп сенеміз және күтеміз! Сәттілік!