Оқушылардың жетістіктері » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
«Менің сүйікті ертегім» атты бақылау жазудан жарыс өткізілді
24
сәуір
2026
«Менің сүйікті ертегім» атты бақылау жазудан жарыс өткізілді
Мектебімізде 21-22 сәуір аралығында 1-2 бастауыш сыныптар арасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Менің сүйікті ертегім» атты бақылау жазудан жарыс өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ертегі бойынша бақылау жұмысының алыну мақсаты – оқушылардың оқу, түсіну және ойлау дағдыларын жан-жақты тексеру. Оқушылардың ертегінің мазмұнын қаншалықты түсінгенін анықтау, негізгі кейіпкерлерді, оқиғаларды ажырата білу қабілетін бағалау, ертегідегі негізгі ой мен тәрбиелік мәнін түсінуін тексеру. Оқушылардың
Облыстық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы
17
сәуір
2026
Облыстық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы
Облыстық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасында 6-сынып оқушысы Бақытбекұлы Алинұр жүлделі 🥉 III орын иеленді! Жетекшісі: Тоқтарқызы Жазира Алинұрды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — табандылық пен еңбектің нәтижесі 👏 Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!  
Облыстық Абай оқулары байқауы
16
сәуір
2026
Облыстық Абай оқулары байқауы
Облыстық Абай оқулары байқауында 8-сынып оқушысы Шакратова Алтынай жүлделі 3-орынды иеленді Бұл – үлкен еңбектің, талпыныс пен табандылықтың нәтижесі. Алтынайдың өнері мен білімге деген құштарлығы көпке үлгі болары сөзсіз. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аргынбаева Аида. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі әрқашан жемісті болсын! Алтынайға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! 🌟  
“Сәндік қолданбалы өнер” ПЦК онкүндігі аясында
16
сәуір
2026
“Сәндік қолданбалы өнер” ПЦК онкүндігі аясында
“Сәндік қолданбалы өнер” ПЦК онкүндігі аясында аудан мектептерінің бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған “Шебердің қолы ортақ” атты сурет байқауында өзінің ерекше таланты мен дарындылығын байқатып, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, жұмыстары үздік деп мектебіміздің төрт оқушысының жұмыстары танылды. Олар: Дүйсембек Жания І орын Әбдіқапар Ерқамбар І орын. Мырзабай Айсұлтан ІІ орын. Баймұханбет Абдуллах ІІ орын Жетекшісі Имангазиева Гульмира Аульбековна  
«Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехника чемпионаты
09
сәуір
2026
«Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехника чемпионаты
2026 жылғы 9 сәуірде өткен «Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехника чемпионатының облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз Қабас Диас, Бейсембай Зікіриа «Мерген» санаты бойынша бас жүлдені иеленіп, халықаралық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Мынбай Елшат. Сонымен қатар, «Робот сұрыптаушы» санаты бойынша Қуат Әсет пен Аушен Айдана ІІ жүлделі орынды иеленді. Жетекшісі Қанатжанов Дулат Қанатжанұлы  
«Абайдың көркем туындылардағы бейнесі» бағыты
07
сәуір
2026
«Абайдың көркем туындылардағы бейнесі» бағыты
Абай оқулары шығармашылық байқауының «Абайдың көркем туындылардағы бейнесі» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Шакрат Алтынай аудандық кезеңде І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды! Бұл — үлкен еңбек пен ізденістің, білім мен талпыныстың нәтижесі. Алтынайға алдағы байқауда сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Аргынбаева Аида Ембергеновна Ұстаз еңбегі – шәкірт жетістігімен өлшенеді!  
Аудандық “Мағжан оқулары” байқауы
01
сәуір
2026
Аудандық “Мағжан оқулары” байқауы
Аудандық “Мағжан оқулары” байқауында мектебіміздің үздік оқушыларының бірі Қайролда Кәусар 40 өлең жаттап жүлделі 3 орын алды. Жетекшісі: Ауелбекова Айгерім Матайбекқызы. 11 сыныптың өнерлі оқушысы Қалибай Амина ән айту номинациясы бойынша жүлделі 2 орын алды. Жетекшісі: Айдарханова Балхаш Дуйсенбаевна. Жас дарындарды құттықтаймыз!!!!  
5–8 сынып оқушыларына арналған «PROECO» экологиялық жобалар конкурсы
31
наурыз
2026
5–8 сынып оқушыларына арналған «PROECO» экологиялық жобалар конкурсы
Мектебіміздің оқушысы Турсынжанұлы Бағлан 5–8 сынып оқушыларына арналған «PROECO» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша жүлделі II орын иеленді. Жетекшісі: Иманалиева Нурсулу Сергазиевна Бұл – оқушының талпынысы мен жетекшінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі! Сіздерге алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!  
«Zhylandy Open – 2026»
27
наурыз
2026
«Zhylandy Open – 2026»
«Zhylandy Open – 2026» Жер жаннаты – Жетісу өңірінің көрікті мекендерінің бірі, Алакөл ауданына қарасты Жыланды ауылында «Zhylandy Open» математикалық турнирінің облыстық кезеңі дәстүрлі түрде 8-рет өткізілуде. Бұл турнир – дарынды оқушылардың математикалық қабілеттерін шыңдап, логикалық ойлауын дамытуға, сондай-ақ ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды зияткерлік алаң. Биылғы білім бәйгесіне облыстың әр өңірінен іріктеліп келген 84 үздік оқушы қатысып, өз білімдері мен
Облыстық олимпиада
19
наурыз
2026
Облыстық олимпиада
Талдықорған қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадада жүлделі орын иеленген дарынды шәкірттерді марапаттау рәсімі өтті. Мектебіміздің білім шыңын бағындырып келе жатқан оқушыларының бірі – Қазақстан тарихы пәнінен III дәрежелі диплом иегері, 11 «А» сынып оқушысы Хапез Арайлым марапатталды. Жетекшісі Иманхатова Жанар Дулатовнаға шәкіртінің білімін шыңдап, жоғары нәтижеге жетуіне қосқан еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз! Дарынды шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 37 Вперед