Мектебімізде 21-22 сәуір аралығында 1-2 бастауыш сыныптар арасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Менің сүйікті ертегім» атты бақылау жазудан жарыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға ертегі бойынша бақылау жұмысының алыну мақсаты – оқушылардың оқу, түсіну және ойлау дағдыларын жан-жақты тексеру. Оқушылардың ертегінің мазмұнын қаншалықты түсінгенін анықтау,
негізгі кейіпкерлерді, оқиғаларды ажырата білу қабілетін бағалау, ертегідегі негізгі ой мен тәрбиелік мәнін түсінуін тексеру. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу, өз ойын жеткізу дағдыларын дамыту, сөздік қорын және тіл байлығын арттыру деңгейін бақылау, шығармашылық ойлауын (ертегіні жалғастыру, өз пікірін айту) дамыту.
Қысқаша тұжырым: Ертегі бойынша бақылау жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың оқу сауаттылығын, түсіну деңгейін және тілдік дағдыларын анықтау және дам Нәтижесінде 1- сыныптар арасында.
Бас жүлде 1 «а» сынып оқушысы Ермұқан Камила
I- Орын 1 «а» сынып оқушысы Мадатай Мансұр
II- Орын 1 «а» сынып оқушылары Есенгали Айша және Өміртай Айдай
III- Орын 1 «в» сынып оқушысы Құдайберген Айсұлтан және 1 «ә» сынып оқушысы Ерланқызы Айару
Меден Ханбибі, Сейіткали Рақымжан, «Үздік талпыныс» номинацияларымен марапатталды.
