Оқушылардың жетістіктері » Страница 2 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
“Қазақ аруы – 2026” байқауы
17
наурыз
2026
“Қазақ аруы – 2026” байқауы
БАС ЖҮЛДЕ Жастар саясатының ұйымдастыруымен аудандық “Қазақ аруы – 2026” байқауы жоғары деңгейде өтті 🌸 Сұлулық пен парасатты қатар ұштастырған арулар арасынан оза шапқан Жәнібекқызы Айғаным бас жүлдені жеңіп алды 👑 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, сіздер — қазақ қыздарының нағыз көркі мен мақтанышысыздар! 💐  
Әбіш оқулары байқауы
28
ақпан
2026
Әбіш оқулары байқауы
Әбіш оқулары байқауында шәкірттерімізді бен жетекші ұстаздарын жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатқандарыңыз үшін шын жүректен құттықтаймыз! 🏆 Аргынбаева Аида Ембергеновна – шәкірттеріңіз көрініс бағыты бойынша І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл – Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен жүйелі еңбегіңіздің жемісі! 🥈 Аубакирова Меруерт – Тұрсынжан Балапан мәнерлеп оқу бағыты бойынша ІІ орын иеленді. Оқушыңыздың сахна мәдениеті мен көркем сөзге деген сүйіспеншілігін
Мектепшілік “Smart Бала” интеллектуалдық сайысы
27
ақпан
2026
Мектепшілік “Smart Бала” интеллектуалдық сайысы
Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен мектепшілік “Smart Бала” интеллектуалдық сайысында біздің оқушылар жоғары нәтиже көрсетті! 👏✨ 🥇 3 “Б” сыныбы – І орын 🥈 3 “А” сыныбы – ІІ орын 🥈 3 “Ә” сыныбы – ІІ орын 🥉 3 “Г” сыныбы – ІІІ орын Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! 💐 Білімге деген қызығушылықтарыңыз артып, жетістіктеріңіз көбейе берсін! 🚀📖  
🏆 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
27
ақпан
2026
🏆 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Оқушылар арасында өткен WSDC форматындағы пікірсайыс турнирінде жоғары деңгейдегі логикасы, нақты да дәйекті дәлелдері және шешендік шеберлігімен ерекшеленген “Авангард” Абай атындағы мектеп-гимназиясы 🥇 І орын иеленді! Бұл жеңіс – жүйелі дайындықтың, терең білімнің және мықты командалық жұмыстың нәтижесі. Команда жетекшісі – Накиспеков Аманай Аханұлы. Ұстаз еңбегі мен шәкірт талпынысы әрдайым биік белестерге жетелейді! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да тек биік шыңдар
Жас болса да — кәсіби биікте!
14
ақпан
2026
Жас болса да — кәсіби биікте!
Мектебіміздің жас мұғалімі Калибаева Арай Сатыбалдықызы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, ІІІ орын иеленді. Бұл – үлкен ізденістің, сенімді қадамның, ұстаздық жүректің жеңісі. Құттықтаймыз! Жетістігіңіз көпке үлгі, биігіңіз бұдан да жоғары болсын!  
Жеңіс – еңбек пен табандылықтың нәтижесі!
03
ақпан
2026
Жеңіс – еңбек пен табандылықтың нәтижесі!
Аудандық «Мұқағали оқулары» байқауына қатысып, 📚 50 өлеңді жатқа оқып, 🥉 ІІІ орын иеленген 7-сынып оқушысы Жаменова Аминаны шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – жай ғана нәтиже емес, өлеңге деген сүйіспеншілік, қазақ поэзиясына деген құрмет,  үздіксіз еңбектің айқын көрінісі. Мұқағали жырларын жүрекпен сезініп, сахнада сеніммен оқи білген еңбегің жемісті болды. Алда бұдан да биік белестер күтеміз! Жетекшісі Ауелбекова Айгерим Матайбекқызы  
Облыстық «Self-Gov Next: Өзін-өзі басқарудың жаңа дәуірі»
01
ақпан
2026
Облыстық «Self-Gov Next: Өзін-өзі басқарудың жаңа дәуірі»
Облыстық «Self-Gov Next: Өзін-өзі басқарудың жаңа дәуірі» өзін-өзі басқару көшбасшылары форумында іс-тәжірбиесімен бөліскені үшін Сарқан ауданы Абай атындағы мектеп-гимназия парламенті марапатталды. Жетекшілері: Қадырбаева Қымбат, Жасұланқызы Динара
“Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасы
31
қаңтар
2026
“Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасы
8-11 сыныптар арасында “Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетті: 🥇 Бейнелеушілер бағыты — Асанбек Арайлым — Бас жүлде 👩‍🏫 Жетекшісі: Магзум Акбота 🥈 Білгірлер бәйгесі — Жақсыбекқызы Жансая — II орын 👩‍🏫 Жетекшісі: Ауелбекова Айгерім 🥈 Әншілік бағыты — Қалибай Амина — II орын 👩‍🏫 Жетекшісі: Айдарханова Балхаш Оқушыларымыз бен жетекші ұстаздарымызды зор жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Аудандық «Отаным менің – Қазақстан» эссе байқауы
28
қаңтар
2026
Аудандық «Отаным менің – Қазақстан» эссе байқауы
25-қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған аудандық «Отаным менің – Қазақстан» эссе байқауында Абай мектеп-гимназиясының 8-“А” сынып оқушысы Бейбітқызы Малика жүлделі І орынды иеленді . Бұл – тек бір оқушының ғана емес, ең алдымен білімге деген құштарлықтың, еңбектің және Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Малика, жеңісің құтты болсын! Биік белестерден көріне бер!
Республикалық «Qarjy saqshysy» интерактивті ойыны
23
қаңтар
2026
Республикалық «Qarjy saqshysy» интерактивті ойыны
Республикалық «Qarjy saqshysy» интерактивті ойынының жеңімпазы – Абай атындағы мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушысы Болашақ Елжан Әлиұлы.