«Zhylandy Open – 2026» » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
27
наурыз
2026

«Zhylandy Open – 2026»

«Zhylandy Open – 2026»
Жер жаннаты – Жетісу өңірінің көрікті мекендерінің бірі, Алакөл ауданына қарасты Жыланды ауылында «Zhylandy Open» математикалық турнирінің облыстық кезеңі дәстүрлі түрде 8-рет өткізілуде.
Бұл турнир – дарынды оқушылардың математикалық қабілеттерін шыңдап, логикалық ойлауын дамытуға, сондай-ақ ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды зияткерлік алаң.
Биылғы білім бәйгесіне облыстың әр өңірінен іріктеліп келген 84 үздік оқушы қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін сынға салды.
Осы 84 үздік оқушының қатарында болған мектебіміздің 5 «Ә» сынып оқушысы Бахтайұлы Есенгелді ерекше көзге түсіп, турнир қорытындысы бойынша ІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – тек жеңіс қана емес, болашаққа жасалған нық қадам. Есенгелді өзінің алғырлығы мен табандылығының арқасында Жыланды лицейіне түсуге грант жеңіп алды.
Осындай жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алар асуларың биік, бағындырар белестерің көп болсын деп тілейміз!
Сонымен қатар, шәкірт жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі.
Математика пәнінің мұғалімі Жанузах Тилегенді шәкіртінің жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, алар асуларыңыз арта берсін!