🔰Облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен «Шұбар доп» волейбол жарысында ауданымыздың абыройы асқақтады! 🔥
🏐 9–11 сынып оқушылары арасындағы тартысты ойында Абай атындағы мектеп-гимназия командасы қарсылас шақ келтірмей, жүлделі І орынды иеленді.
Ең бастысы — біздің жігіттер республикалық кезеңге жолдама алды! Бұл – үлкен еңбек пен дайындықтың жемісі.
👏 Командамызды және жаттықтырушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Республикалық додада облыс намысын абыроймен қорғап келулеріне тілектеспіз.
Алға, чемпиондар! ✊