Спорт саласында оқушылардың жетістіктері » Страница 2 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
Ұлттық Мектеп Лигасы
08
қараша
2025
Ұлттық Мектеп Лигасы
Жеңіс жолында! 🌟 2025 жылы 7 қараша күні баскетболдан 7-8 сынып қыздар арасында өткен Ұлттық Мектеп Лигасының аудандық кезеңінде біздің мектептің командасы I орын иеленді! 🥇👏 💫 Үздік ойыншы — Бейбітқызы Малика! 🔥 Қыздарымызға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Алға, жеңіс тұғырынан түспеңдер! 
5–6 сынып қыздар арасындағы Ұлттық Мектеп Лигасы
05
қараша
2025
5–6 сынып қыздар арасындағы Ұлттық Мектеп Лигасы
04.10.2025 ж. күні өткен баскетболдан аудандық 5–6 сынып қыздар арасындағы Ұлттық Мектеп Лигасы жарысында мектебіміздің командасы I ОРЫНДЫ иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды! 🏀🎉 Жарыс барысында қыздарымыз жоғары дайындық пен бірліктің үлгісін көрсетті. 👏 Команда мүшелерін және жаттықтырушысы Смаханов Арыстанбекті шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде де сәттілік тілейміз! 
5–6 сынып ұлдар арасындағы Ұлттық Мектеп Лигасы
05
қараша
2025
5–6 сынып ұлдар арасындағы Ұлттық Мектеп Лигасы
04.10.2025 ж. күні өткен баскетболдан аудандық 5–6 сынып ұлдар арасындағы Ұлттық Мектеп Лигасы жарысында мектебіміздің командасы II ОРЫНДЫ иеленді! 🥈 Оқушыларымыз ойын барысында ерік-жігер мен командалық рухты жоғары деңгейде көрсетті. 👏 Жаттықтырушысы Дюсембеков Нұрлан Джаксыбекович пен ойыншыларға алғыс білдіреміз! Келесі жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз! 
Шағын футболдан жарыс өтті
21
қазан
2025
Шағын футболдан жарыс өтті
Абай атындағы мектеп-гимназиясында шағын футболдан жарыс өтті Абай атындағы мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының 1-тоқсандық жоспарына сәйкес, 9–11 сыныптар арасында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған шағын футболдан мектепішілік жарыс ұйымдастырылды. Спорттық дода жасөспірімдер арасында достықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ тарихи тұлғаларымызды ұлықтау мақсатында өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша келесідей командалар жеңіске жетті: 🥇 1-орын –
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай мектепішілік волейбол жарысы
07
қазан
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай мектепішілік волейбол жарысы
Абай атындағы мектеп-гимназиясында 9-11 сыныптар арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай мектепішілік волейбол жарысы ұйымдастырылды. Тартысты өткен сайыс нәтижесінде: 🥇 10 “Б” сынып – І орын 🥈 11 “Б” сынып – ІІ орын 🥉 11 “Ә” сынып – ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мектеп директорының мақтау қағазымен және кубокпен марапатталды. Арнайы номинациялар: 🏅 Үздік ойыншы – Қадіржан А. (10 “Б”) 🏅 Үздік шабуылшы – Бодауғали Н. (11 “Б”) 🏅 Үздік қорғаушы – Бақытәлі А. (11 “Ә”) Бұл
«Алтын доп» баскетболдан «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңі
20
ақпан
2025
«Алтын доп» баскетболдан «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңі
2025 жылдың 17-19 ақпан күндері 7-8 сынып оқушылары қыздар арасында «Алтын доп» баскетболдан «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңінде ауданымыздың намысын Абай атындағы мектеп-гимназиясының жас спортшылары қорғады. 🥇Облыстық лиганың нәтижесінде жүлделі І ОРЫН иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды! Жаттықтырушылары: Смаханов Арыстанбек Мырзахметов Асет Мұратов Тлеуберді Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!! 
«Ұлттық мектеп лигасының» ІІІ облыстық кезеңі өз мәресіне жетті
31
қаңтар
2025
«Ұлттық мектеп лигасының» ІІІ облыстық кезеңі өз мәресіне жетті
2025 жылдың 27-29 қаңтар күндері аралығында Талдықорған қаласында 9-11 сынып оқушылары қыздар арасында баскетболдан «Ұлттық мектеп лигасының» ІІІ облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. 🥇Аталған жарысқа ауданымыздың атынан Абай атындағы мектеп-гимназиясының командасы қатысып, жүлделі І ОРЫН иеленді. Республикалық кезеңде Жетісу облысының намысын қорғайтын болады. Жаттықтырушылары: Смаханов Арыстанбек Мұратов Тлеуберді Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!! 
Қазақстан Республикасының Чемпионы
24
қаңтар
2025
Қазақстан Республикасының Чемпионы
Абай атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушымыз Нұрболатқызы Арай баскетболдан Қазақстан Республикасының Чемпионы болды және ҚР үздік ойыншысы Нұрболатқызы Арай атанды. Чемпионат Щучинск қаласында өтті.  
Облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы
23
қаңтар
2025
Облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы
🔻Абай атындағы мектеп-гимназиясының ұлдар командасы «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының Республикалық кезеңіне жолдама алды 2025 жылдың 20-23 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының ІІІ облыстық кезеңі өтті. Бұл жарыс жас спортшылар үшін үлкен бәсекелестік пен жоғары шеберлікті талап ететін маңызды спорттық іс-шара болды. Жарыс нәтижесінде Абай атындағы мектеп-гимназиясының ұлдар командасы керемет ойын көрсетіп,
Оқушылар арасында эстафеталық ойын
21
қаңтар
2025
Оқушылар арасында эстафеталық ойын
2025 жылдың 21 қаңтар күні Сарқан қаласы, Абай ат. МГ оқушылары арасында эстафеталық ойын өтті. Жарыс өте қызықты әрі тартысты болды. Жеңіске жеткен командалар: 1 орын 2 В сыныбы 2 орын 2 Г сыныбы 3 орын 2 Ә сыныбы Жеңімпаздар орталықтың мақтау қағаздарымен марапатталды.