🚀✨ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН
«ҒАРЫШ ӘЛЕМІ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖАРЫСЫ ӨТТІ ✨🚀
Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Ғарыш әлемі» тақырыбында интеллектуалды жарыс өткізілді.
Жарыс барысында қатысушылар ғарыш, планеталар, жұлдыздар мен ғарышкерлер туралы білімдерін сынап, логикалық тапсырмалар орындады. Әр топ белсенділік танытып, тапқырлықтары мен білімдерін көрсете білді.
Осындай іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ғылымға деген қызығушылығын арттырады 🚀
🏆 Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!