Ақпарат » Страница 6 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
Жас болса да — кәсіби биікте!
14
ақпан
2026
Жас болса да — кәсіби биікте!
Мектебіміздің жас мұғалімі Калибаева Арай Сатыбалдықызы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, ІІІ орын иеленді. Бұл – үлкен ізденістің, сенімді қадамның, ұстаздық жүректің жеңісі. Құттықтаймыз! Жетістігіңіз көпке үлгі, биігіңіз бұдан да жоғары болсын!  
«Тарих үнсіз емес:Ауған соғысының сабағы» ардагерлер мен кездесу өтті
13
ақпан
2026
«Тарих үнсіз емес:Ауған соғысының сабағы» ардагерлер мен кездесу өтті
13.02.2026 күні «Тарих үнсіз емес:Ауған соғысының сабағы» ардагерлер мен кездесу өтті.Мақсаты: Оқушыларды Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында, қайратты,мықты жігерлі болуға тәрбиелеу. 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Алайда бір жылға деген келісім 10 жылға созылды.Қазақстаннан Ауғанстан соғысына 22 мың адамнан астамы қатысып, 761-і қаза тапса, 21-і хабарсыз кетті.Сарқан ауданы бойынша
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Көркемсөз» мәнерлеп оқудан байқау өткізілді
05
ақпан
2026
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Көркемсөз» мәнерлеп оқудан
Мектебімізде 05 ақпан күні 5-8 сыныптар арасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Көркемсөз» мәнерлеп оқудан байқау өткізілді. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың поэзиясын терең таныту, рухани мұрасын ұлықтау, оқушылар мен жастардың ана тіліне, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, поэзияға көркем сөзге қызығушылықты дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өлеңді мәнерлеп оқу, сахналық мәдениет пен сөз өнерін жетілдіру, ұлттық құндылықтарды

Жеңіс – еңбек пен табандылықтың нәтижесі!
03
ақпан
2026
Жеңіс – еңбек пен табандылықтың нәтижесі!
Аудандық «Мұқағали оқулары» байқауына қатысып, 📚 50 өлеңді жатқа оқып, 🥉 ІІІ орын иеленген 7-сынып оқушысы Жаменова Аминаны шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – жай ғана нәтиже емес, өлеңге деген сүйіспеншілік, қазақ поэзиясына деген құрмет,  үздіксіз еңбектің айқын көрінісі. Мұқағали жырларын жүрекпен сезініп, сахнада сеніммен оқи білген еңбегің жемісті болды. Алда бұдан да биік белестер күтеміз! Жетекшісі Ауелбекова Айгерим Матайбекқызы  
«Абай күнделігі» айдары
02
ақпан
2026
«Абай күнделігі» айдары
«Абай күнделігі» айдарының екінші аптасы да өз мәресіне жетті ✨ 🎬🎬Апта ішінде өткен маңызды сәттер мен оқиғаларды сіздердің назарларыңызға Балапан Тұрсынжанқызы ұсынды.
«Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты Ted отырысы өткізілді
01
ақпан
2026
«Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты Ted отырысы өткізілді
Мектебімізде 30 қаңтар күні 8-10 сыныптар арасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен Ұлттық пен құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты Ted отырысы өткізілді Бұл отырыста «Абай жолы» шығармасымен «Томирис» киносы талқыланды. Отырыстың басты мақсаты: Тарих пен әдебиеттің асыл мұраларын заманауи көзқараспен сараптап, олардың қоғамға, адамның тұлғалық дамуына әсерін айқындау және «Рухани жаңғыру» идеясын іс жүзінде талқылау. Оқушыларға Ұлттық құндылықтарды таныту
Облыстық «Self-Gov Next: Өзін-өзі басқарудың жаңа дәуірі»
01
ақпан
2026
Облыстық «Self-Gov Next: Өзін-өзі басқарудың жаңа дәуірі»
Облыстық «Self-Gov Next: Өзін-өзі басқарудың жаңа дәуірі» өзін-өзі басқару көшбасшылары форумында іс-тәжірбиесімен бөліскені үшін Сарқан ауданы Абай атындағы мектеп-гимназия парламенті марапатталды. Жетекшілері: Қадырбаева Қымбат, Жасұланқызы Динара
“Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасы
31
қаңтар
2026
“Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасы
8-11 сыныптар арасында “Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетті: 🥇 Бейнелеушілер бағыты — Асанбек Арайлым — Бас жүлде 👩‍🏫 Жетекшісі: Магзум Акбота 🥈 Білгірлер бәйгесі — Жақсыбекқызы Жансая — II орын 👩‍🏫 Жетекшісі: Ауелбекова Айгерім 🥈 Әншілік бағыты — Қалибай Амина — II орын 👩‍🏫 Жетекшісі: Айдарханова Балхаш Оқушыларымыз бен жетекші ұстаздарымызды зор жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Облыстық математикалық регата олимпиадасы
31
қаңтар
2026
Облыстық математикалық регата олимпиадасы
Облыстық математикалық регата олимпиадасында мектебіміздің жас маманы, небәрі 2 жылдық еңбек өтілі бар математика пәнінің мұғалімі Серік Ақжол ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Бұл — жас ұстаз үшін облыстық деңгейде жеткен елеулі жетістік, кәсіби ізденіс пен табанды еңбектің айқын көрінісі. Әріптесімізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз.