Мектебімізде 27 ақпан күні 5-6 сыныптар арасында кітапханашылардың ұйымдастырумен Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орнын айқындау және жас ұрпаққа рухани мұрасын таныту. Ақынның өмір жолы мен тарихи кезеңін таныстыру, Жамбыл поэзиясының тақырыптық ерекшеліктерін талдау, ел бірлігі, отансүйгіштік, адамгершілік идеяларын дәріптеу, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Нәтижесінде: Шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысты. Жамбыл жабаевтың өнегелі өмір жолы, ел бірлігін жырлағаны туралы, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар ақынға арналған тақпақтарын мәнерлеп оқып, домбырамен күй шертті.