Мектебімізде оқушылардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу — басты
Мектебімізде оқушылардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу — басты назарда ✨ Буллингтің, құқықбұзушылықтың, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу мақсатында бізде үнемі көңілді үзілістер ұйымдастырылып отырады. Қызықты ойындар, сергіту жаттығулары, тимбилдинг элементтері арқылы балалар бір-бірімен жақын араласып, достық қарым-қатынас орнатады. Осындай позитивті орта – қауіптің алдын алудың ең тиімді жолы. Біздің мақсат — әр оқушы өзін қауіпсіз, еркін және бақытты сезінетін орта қалыптастыру 💛