Ақпарат » Страница 2 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
«Таза Қазақстан» акциясы
10
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» акциясы
«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде Жоңғар Алатауы қызметкерлерімен тағылымды кездесу өтті 🌿 Кездесу барысында табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы маңызды ақпараттар айтылды. Оқушылар табиғат жанашырларымен еркін сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға үлкен үлес қосады 🌱  
“Түлектер жобасы” аясында мектеп ауласына шырша отырғызу
10
сәуір
2026
“Түлектер жобасы” аясында мектеп ауласына шырша отырғызу
10 «Ә» сынып оқушылары “Түлектер жобасы” аясында мектеп ауласына шырша отырғызу шарасын белсене қатысты. Ағаш егу – болашаққа салынған инвестиция. Бүгін отырғызылған көшеттер жылдар өте өсіп, саялы баққа айналып, келешек ұрпаққа көлеңке мен таза ауа сыйлайды. Сонымен қатар, түлектер отырғызған әрбір ағаш олардың мектеп қабырғасындағы жарқын естеліктерінің символына айналады. Сынып жетекшісі: А. Унгирбаева  
📱 Балаларға арналған қауіпсіз SIM-карта туралы ата-аналарға түсіндірме жұмысы
10
сәуір
2026
📱 Балаларға арналған қауіпсіз SIM-карта туралы ата-аналарға
📱 Балаларға арналған қауіпсіз SIM-карта туралы ата-аналарға түсіндірме жұмысы Sim Kids балаларға арналған қауіпсіз SIM-карта бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында SIM-картаның негізгі мақсаты, балалардың қауіпсіз байланыста болуы, интернетті дұрыс пайдалану және ата-аналық бақылау мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Ата-аналарға SIM-картаны қолдану ережелері түсіндіріліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары айтылды. Ата-аналар өз сұрақтарын қойып,
«Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехника чемпионаты
09
сәуір
2026
«Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехника чемпионаты
2026 жылғы 9 сәуірде өткен «Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехника чемпионатының облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз Қабас Диас, Бейсембай Зікіриа «Мерген» санаты бойынша бас жүлдені иеленіп, халықаралық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Мынбай Елшат. Сонымен қатар, «Робот сұрыптаушы» санаты бойынша Қуат Әсет пен Аушен Айдана ІІ жүлделі орынды иеленді. Жетекшісі Қанатжанов Дулат Қанатжанұлы  
🌿 “Құстарға ұя сыйлайық” акциясы 🐦
08
сәуір
2026
🌿 “Құстарға ұя сыйлайық” акциясы 🐦
🌿 “Құстарға ұя сыйлайық” акциясы 🐦 Біздің мектебімізде 1-сынып оқушыларының бастамасымен ерекше әрі игі шара ұйымдастырылды. Табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға бағытталған бұл акцияның мақсаты – кішкентай достарымызға жайлы ұя сыйлау. 🏡🐦 Оқушылар өз қолдарымен құс ұяларын жасап, оларды мектеп ауласына және жақын маңдағы ағаштарға орналастырды. Бұл тек еңбек қана емес, мейірімділік пен жанашырлықтың көрінісі болды. 💚 Осындай тәрбиелік мәні зор бастамалар балалардың табиғатқа деген
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде көңілді эстафеталық жарыс өтті 🏃‍♂️💪
07
сәуір
2026
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде көңілді
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде көңілді эстафеталық жарыс өтті 🏃‍♂️💪 Оқушылар белсенділік танытып, жылдамдық пен ептіліктерін көрсетіп, нағыз командалық рухты сезінді. Әр топ жеңіске деген жігерін байқатып, жарыс қызықты әрі тартысты өтті 🔥 Салауатты өмір салтын насихаттау — біздің басты мақсатымыз! Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз 👏  
«Абайдың көркем туындылардағы бейнесі» бағыты
07
сәуір
2026
«Абайдың көркем туындылардағы бейнесі» бағыты
Абай оқулары шығармашылық байқауының «Абайдың көркем туындылардағы бейнесі» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Шакрат Алтынай аудандық кезеңде І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды! Бұл — үлкен еңбек пен ізденістің, білім мен талпыныстың нәтижесі. Алтынайға алдағы байқауда сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Аргынбаева Аида Ембергеновна Ұстаз еңбегі – шәкірт жетістігімен өлшенеді!  
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
07
сәуір
2026
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 🌍💙 Бүгін таңғы жаттығу ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесімізді қостық 💪 Таңды сергектікпен бастау – күннің сәтті өтуінің кепілі ✨ Қарапайым жаттығулар арқылы денсаулығымызды нығайтып, көңіл-күйімізді көтердік 🙌 Сен де өз күніңді қозғалыстан баста! 🌿  
Аудандық Дене шынықтыру пәнінің олимпиадасы
06
сәуір
2026
Аудандық Дене шынықтыру пәнінің олимпиадасы
Аудандық Дене шынықтыру пәнінің олимпиадасында мектебіміздің оқушылары 3 орынды иеленді. Жетекшісі : Ақбаев Асет, Дюсембеков Нұрлан