Ақпарат » Страница 9 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
Облыстық RoboTech 2025 байқауы
20
желтоқсан
2025
Облыстық RoboTech 2025 байқауы
Облыстық RoboTech 2025 байқауында ІІІ орын алған информатика пәнінің мұғалімдері Мыңбай Елшат пен Дулат Қанатжанұлы шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен шығармашылықтарыңыз – оқушыларға шабыт пен сенім беретін нағыз үлгі. Осындай ұстаздардан білім алған оқушыларымыз да жаңа жетістіктерге жететініне сенімдіміз. Алдағы уақытқа жаңа жобалар, биіктер және зор шығармашылық табыс тілейміз! 👏  
”Тәуелсіздік күні” қарсаңында
17
желтоқсан
2025
”Тәуелсіздік күні” қарсаңында
16-Желтоқсан ,”Тәуелсіздік күні” қарсаңында 6”а”сынып оқушылары бейне ролик түсірді. Көк байрақта — бабалардың арманы, ерлердің ерлігі, ұрпақтың үміті тоғысқан. Ол — ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздіктің айғағы. Бүгін Көк Туымыз еркін елдің символы ретінде асқақ желбіреп тұр. Бұл — бейбіт өмірдің, тұрақтылық пен тәуелсіз болашақтың нышаны. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қасиетті Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿 Сынып
“Желтоқсандағы ерлік — бүгінгі ұрпаққа аманат” атты тағылымды кездесу
16
желтоқсан
2025
“Желтоқсандағы ерлік — бүгінгі ұрпаққа аманат” атты тағылымды кездесу
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Абай атындағы мектеп-гимназиясында “Желтоқсандағы ерлік — бүгінгі ұрпаққа аманат” атты тағылымды кездесу өтті. Тәуелсіздік жолында күрескен Желтоқсан оқиғасының ардагерлері Ақжолов Мұрат пен Сасықбаев Қайырбек мектеп қонағы ретінде шақырылып, өздерінің бастан өткерген оқиғаларымен бөлісті. Сонымен қатар, кездесуге Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сарқан ауданының құрметті азаматы Ерболаев Әлібек Аруарбекұлы және аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ана
«Шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау, қолдау және ілгерілету» XV Халықаралық конференциясы
15
желтоқсан
2025
«Шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау, қолдау және ілгерілету» XV
Мектебіміздің  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Максименко Наталья Сергеевна Минск қаласында өткен «Шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау, қолдау және ілгерілету» XV Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты. Конференция 22 елден келген орыс тілі мамандары мен гуманитарлық білім беру саласының өкілдерін біріктірді. Конференция кәсіби диалог жүргізуге, педагогикалық тәжірибе алмасуға және орыс тілін халықаралық білім беру кеңістігінде оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
15
желтоқсан
2025
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
15 желтоқсан Муратбекова Альбина Муратовна Талдықорған қаласында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне «Сабақ айтқан соң…» бағыты бойынша қатысып, сертификатқа ие болды. Аталған фестиваль тәжірибе алмасуға, тың идеялармен бөлісуге және кәсіби дамуға үлкен мүмкіндік берді. Алдағы уақытта жаңа ізденістер мен шығармашылық табыстар көп болсын! 
Дарынды оқушылар – елдің болашағы
15
желтоқсан
2025
Дарынды оқушылар – елдің болашағы
Дарынды оқушылар – елдің болашағы, білім мен еңбектің жарқын үлгісі. Ізденімпаздығы мен табандылығының арқасында олар әрдайым биік белестерді бағындырып келеді. 2025–2026 оқу жылының тағы бір жарқын жетістігі — облыстық «Дарын» ғылыми жобалар байқауының І-кезеңінің қорытындысы бойынша 11-сынып оқушылары Елубаева Амина мен Темірхан Балауса экономика бағыты бойынша жүргізген зерттеу жұмыстары үшін III дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Ғылыми жобалар конкурсының облыстық
«Жауапкершілік бала құқығын шектей ме?»
13
желтоқсан
2025
«Жауапкершілік бала құқығын шектей ме?»
«Жауапкершілік бала құқығын шектей ме?» 10-желтоқсан мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен маңызды тақырыпқа арналған пікірталас — дебат турнирі өтті. 📌 Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершіліктің мәнін түсіндіру, өз ойын дәлелдеп айтуға, қоғамдық мәселелерді талдауға, еркін пікір білдіруге жағдай жасау. 🎤 Дебат барысында оқушылар: – Жауапкершілік пен құқық арасындағы тепе-теңдікті талқылады; – Өз көзқарастарын нақты дәлелдермен қорғады; – Қоғамдағы өз
*Үстел үсті ойындары – дойбы жарысы
12
желтоқсан
2025
*Үстел үсті ойындары – дойбы жарысы
Абай атындағы мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5-11 сыныптар арасында “Тәуелсіз елдің зияткер ұрпағы” атты мектепішілік үстел үсті ойындары – дойбы жарысы ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Нәтижесінде: 1 орынды Смагулов Санжар 2 орынды Жетпісбай Алинур 3 орынды Мұрат Абдулмалик иеленді Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Интеллектуалды ойын
12
желтоқсан
2025
Интеллектуалды ойын
10 желтоқсан Жаратылыстану-тарих апталығы аясында 8-сыныптар арасындағы интеллектуалды ойыннан үзінді! Бүгін мектебімізде білім мен зияткерлік сайысы өткен ерекше күн болды. Ойынның ұйымдастырушысы – тарих пәнінің мұғалімі Накиспеков Аманай Ақанұлы. Ұстаздың ұтымды сұрақтары мен қызықты тапсырмалары оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылықтарын арттырды. 👏📚 Балалар белсенділік танытып, керемет нәтиже көрсетіп шықты!