Мейірімге толы мерекелік кеш
Бүгін Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында өнерлі бүлдіршіндер ән шырқап, би билеп, түрлі қойылымдар көрсетті. Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өткен думанды кеш балаларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Байгунысов Алмас Ажарханұлы қатысып, балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады.
«Балалардың жүзіндегі күлкі – ең үлкен бақыт әрі ең үлкен жауапкершілік. Әр бала мейірім мен қамқорлыққа лайық. Келе жатқан Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш, ал бүлдіршіндерге үміт пен шаттық сыйласын», – деді Алмас Ажарханұлы.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Сарқан қаласында орналасқан облыстық арнаулы мектеп-интернатында болып, ондағы тәрбиеленушілерді де мерекемен құттықтап, балаларға сый-сияпатын табыстады.
Мұндай игі шаралар қоғамдағы жанашырлық пен адамгершілік құндылықтарды айқындай түседі.