Бүгін Абай атындағы мектеп-гимназиясында 0, 1, 2, 4 сынып оқушыларына арналған «Ғажайып Жаңа жыл» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Балалар көңілді ойындар ойнап, әсем әндер айтып, әдемі билер билеп, Аяз ата мен Ақшақармен бірге жаңа жылды қарсы алды.
Мерекелік кеш ерекше атмосферада өтті. Оқушылардың жарқыраған көздері мен шат күлкісі — Жаңа жылдың нағыз ғажабына айналды!
Жаңа жыл — жаңа арман, жаңа үміт, жаңа қуаныш! Баршаға сәттілік пен бақыт әкелсін!