Өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар және судағы қауіпсіздік тақырыптарында ақпараттандыру мақсатында Сарқан аудандық өрт сөндіру бөлімшесінде 8-сынып оқушыларына арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету ережелері түсіндіріліп, өрт сөндіру құрал-жабдықтары таныстырылды. Құтқарушылар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, практикалық көрсетілімдер арқылы қауіпсіздік талаптарының маңыздылығын жеткізді.
Мұндай шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған.