Мектеп оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам қалыптастырып құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өтті. Жиналыс барысында оқушыларға демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, олардың жеке қауіпсіздігі, мопед немесе көлік құралдарын жүргізу тәртібі, судағы қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мектеп инспекторы оқушыларға заң талаптарын сақтау қажеттілігі туралы баяндап, заң бұзған жағдайда қолданылатын шаралар туралы нақты ақпарат берді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың салдары мен ата-аналардың жауапкершілігі де атап өтілді.
Жиналыстың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және жазғы демалыс уақытында өз өмірлерінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақыру болды.
