Жиналыс, акциялар » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектепімізде #БіргетазаҚазақстан акциясы
12
сәуір
2024
Мектепімізде #БіргетазаҚазақстан акциясы
Мектепімізде #БіргетазаҚазақстан акциясы аясында мектеп алаңын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Акция қатысушыларына алғыс білдіреміз!
«Жоңғар-Алатауы» МҰТП экологиялық ағарту инженерлері экологиялық дәріс-сабақ өткізді.
18
қаңтар
2024
«Жоңғар-Алатауы» МҰТП экологиялық ағарту инженерлері экологиялық
18.01.2024 жылы «Жоңғар-Алатауы» МҰТП экологиялық ағарту инженерлері Абай атындағы мектеп гимназиясында 6 сынып оқушыларына экологиялық дәріс-сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жерге табиғатты қорғауға баулу. Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосу, экологиялық білімдерін молайту. Барлық оқушылар белсенді қатысып, ұлттық парк
“Зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік” акция
08
желтоқсан
2023
“Зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік” акция
“Зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік” акциясын ұйымдастыру бойынша іс - шара жоспарына сәйкес “Тұрмыстық зорлық - зомбылық, нашақорлық, жыныстық тиіспеушілік” тақырыбында және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Сарқан адандық жасы кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Шаров Жомарт Өндірісұлы және Сарқан адандық ПБ ЖПБҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Гаухарбек Инкар Мухтарқызы 6-8 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.  
‘’Әлеуметтік желі адастырмасын’’
23
қараша
2023
‘’Әлеуметтік желі адастырмасын’’
‘’Әлеуметтік желі адастырмасын’’ тақырыбында мектебімізде 9-10-11 сынып оқушылары арасында Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы,дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының мамандарымен кездесу өтті.Әлеуметтік желінің пайдасы,зияны жайлы сөз қозғалып оқушылар өздеріне көптеген ой түйді.  
“Сарқан аудандық орталық ауруханасының” дәрігерлерінің және мектеп медбикесі, психологтардың қатысуымен қыздар жиналысы
21
қараша
2023
“Сарқан аудандық орталық ауруханасының” дәрігерлерінің және мектеп
Мектебімізде “Сарқан аудандық орталық ауруханасының” дәрігерлерінің және мектеп медбикесі, психологтардың қатысуымен қыздар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1. Ерте жүктіліктің алдын алу; 2. Ерте жыныстық қатынастың салдары; 3. Алғаш етеккір қашан келуі керек? (Баяндама); 4. Веб темекінің зияны; 5. Жыныстық тиіспеушілік туралы сауалнама; 6. Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Жиналыс соңында қыздар өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.  
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары
16
қазан
2023
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары
Сарқан АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ә.Ә.Байзолдамен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.  
Cарқан ауданы төтенше жағдайлар қызметкерімен кездесу
11
қыркүйек
2023
Cарқан ауданы төтенше жағдайлар қызметкерімен кездесу
Cарқан ауданы төтенше жағдайлар қызметкерлері кәсіби бағдар беру және жер сілкінісі кезіндегі іс-әркектті түсіндіру мақсатында мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында, Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы туралы ақпараттар айтылып, академияға оқуға түсу ережелерімен оқушылар толық танысты. Сондай-ақ кездесу барысында, жер сілкінісі және табиғи апаттар кезінде әрбір азаматтың білу керек іс-қимылы, жеке дайындығы түсіндірілді.   
“Жер 2023” республикалық командалық-штабтық оқу - жаттығуы өткізілді
11
қыркүйек
2023
“Жер 2023” республикалық командалық-штабтық оқу - жаттығуы өткізілді
2023 жылдың 11 қыркүйекгінде “Жер 2023” республикалық командалық-штабтық оқу - жаттығуы өткізілді. Іс-шара барысында төтенше жағдайлар кезіндегі іс қимыл ережелері және қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Мектеп оқушыларына “Жер 2023” тақырыбында ашық сабақтар , “Жас құтқарушы” жасақтары арасында алғашқы көмек және қауіптін алдын алу жаттығулары жарыс ретінде өткізіліп, оқушылар төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында бейнефильмдер тамашалады.   
«Нашақорлыққа - жол жоқ!» тақырыбында түсіндірме жұмысы
07
қыркүйек
2023
«Нашақорлыққа - жол жоқ!» тақырыбында түсіндірме жұмысы
 2023 жылдың 07 қыркүйек күні ювеналды полиция капитаны Нугман Аблайхан  Абай атындағы мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушыларына «Нашақорлыққа - жол жоқ!» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.    Басты мақсаты – Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету. Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру.  
Адалдық құндылықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дамыту
17
мамыр
2023
Адалдық құндылықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты
Адалдық құндылықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дамыту үшін қоғамдық пікір қолбасшыларының өкілдерін, этномәдениет орталықтары өкілдерін тарта отырып іс шаралар өткізу. Осыған байланысты мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларына танымдық кино кеш өткізуді ұйғардық. Фильмнің басты идеясы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестер, сыбайлас жемқорлықтың зардабы.