ANTIKOR » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жемқорлықсыз әлем" тақырыбында сурет байқауы
14
қыркүйек
2023
"Жемқорлықсыз әлем" тақырыбында сурет байқауы
"АДАЛ ҰРПАҚ" клубының жетекшісі А.С Абильбекова мен технология пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Жемқорлықсыз әлем" тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды.  Мақсаты: өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың суреттері арқылы олардың ойларын, көзқарастарын білу.
Жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектепішілік ата аналар жиналысы
05
қыркүйек
2023
Жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектепішілік ата аналар жиналысы
 Жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектепішілік ата аналар жиналысында 29 тамыздағы 110 бұйрығымен таныстыра отырып, мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізуде, салтанатты шаралар барысында сыйлық беруге, оқушылармен барлық түрдегі ақылы тесттерге оқушылар мен ата аналардан ақша жинауға қатаң тиым салынатыны жайлы айтты. Ата аналарға видео роликтер көрсетіліп, жемқорлықтың алдын алуға атсалысыңыздар деп үндеу тастады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп ұйымдастыру
16
тамыз
2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп ұйымдастыру
Әрбір адамның өз құқығынбес саусағындай жақсы білу, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты. Құқықтық білімнің керек емес жері жоқ. Қайда барсаң да алдыңнан құқық саласына қатысты мәселе көлденең шығады. Осыған орай «Айгөлек»  жазғы сауықтыру алаңының жұмыс жоспарына сәйкес «Заңды біл және сақта» тақырыбы бойынша смагулова Самиға тәрбие сағатын өткізді.   
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау» атты кездесу өткізілді
12
маусым
2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау» атты кездесу
Мектеп ұстаздары және оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау» атты кездесу өткізілді.  Кездесубарысындаколледждетүрлі (жөндеу жұмыстарын жүргізу, кеңсе тауарларын сатып алуға, салтанатты шаралар барысында сыйлық таралуға, ақылы түрдегі тесттер өткізуге, мерзімді баспаларға жазылуғат.с.с.) оқушылар мен ата-аналарынан ақша жинауға қатаң тыйым салынатындығы ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.