16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Абай атындағы мектеп-гимназиясында “Желтоқсандағы ерлік — бүгінгі ұрпаққа аманат” атты тағылымды кездесу өтті. Тәуелсіздік жолында күрескен Желтоқсан оқиғасының ардагерлері Ақжолов Мұрат пен Сасықбаев Қайырбек мектеп қонағы ретінде шақырылып, өздерінің бастан өткерген оқиғаларымен бөлісті. Сонымен қатар, кездесуге Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сарқан ауданының құрметті азаматы Ерболаев Әлібек Аруарбекұлы және аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ана медиатор, Сарқан ауданының құрметті азаматы Гүлшарбан Мырзабаевна қатысып, жас ұрпаққа өмірлік кеңестерін айтып, ақ баталарын берді. Кездесу әсерлі өтті, оқушылар үшін үлкен тәрбие мен рухани азық болды.