Мектебімізде қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерінің, мектеп парламенті және адал ұрпақ еріктілер клубының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Жырлайды жүрек" атты әдеби сазды кеш өтті.
Кеш мақсаты Мұқағали жырларын дәріптеу, өскелең ұрпақты поэзияға баулу, ақын мұрасын жаңғырту. Бұл кеште ақын әндері шырқалып, мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Мұқағали жырына деген сағыныш пен сүйіспеншілік әр жүректен сезілді. Кешіміздің құрметті қонақтары Абай атындағы мектеп гимназиының ардагерлер ұйымының төрайымы Таймасова Күләндә Мұқатайқызы және Аудандық "Әжелер"кеңесінің төрайымы Смаханова Улжан Өзбеханқызы кештен керемет әсер алғандарын айтып, өнер көрсеткен оқушыларымызға жүрек жарды тілектері мен алғыстарын білдірді.