Дарынды оқушылар – елдің болашағы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дарынды оқушылар – елдің болашағы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
15
желтоқсан
2025

Дарынды оқушылар – елдің болашағы

Дарынды оқушылар – елдің болашағы, білім мен еңбектің жарқын үлгісі.
Ізденімпаздығы мен табандылығының арқасында олар әрдайым биік белестерді бағындырып келеді.
2025–2026 оқу жылының тағы бір жарқын жетістігі — облыстық «Дарын» ғылыми жобалар байқауының І-кезеңінің қорытындысы бойынша 11-сынып оқушылары Елубаева Амина мен Темірхан Балауса экономика бағыты бойынша жүргізген зерттеу жұмыстары үшін III дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің ІІ туры (тестілеу) 19–20 желтоқсан күндері өтеді.
Тестілеу нәтижесі жоғары болған жағдайда, оқушылар өз жобаларын республикалық деңгейде қорғауға мүмкіндік алады.
Ғылыми жоба жетекшісі: Берлибекова Асем Джаксыбековна
Жас ғалымдар мен жетекшісін жеңісімен құттықтаймыз!
Жас ғалымдарымыз Балауса мен Аминаға ІІ-турда сәттілік тілейміз!
Алар асуларыңыз биік болсын!