🚒 *№12 өрт сөндіру бөліміндегі ашық есік күні*
2025 жылдың қыркүйек айында *Сарқан ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №12 өрт сөндіру бөлімінде* ашық есік күні ұйымдастырылды.
🔹 Аталған шараға *Абай атындағы мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушылары* қатысты.
🔹 *Мақсаты:*
– Оқушыларға *өрт сөндіру қызметінің жұмысын таныстыру*;
– *Өрт қауіпсіздігі ережелері* туралы түсінік беру;
– *Мамандыққа қызығушылықты арттыру*.
Іс-шара барысында оқушылар бөлім құрылымымен, техникаларымен және өрт сөндірушілердің күнделікті қызмет барысымен танысты.
Қызметкерлер *өрт сөндіру кезіндегі нақты іс-қимылдарды* көрсетті.
Оқушылар белсенділік танытып, қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
🔸 Іс-шара оқушылардың *қауіпсіздік мәдениетін* қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
📌 *Сынып жетекшісі:* Иманалина Нурсұлу.