Достижение школьников » Страница 30 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
"Мен отбасыммен мақтанамын" атты шағын бейнежазба
13
сентябрь
2022
"Мен отбасыммен мақтанамын" атты шағын бейнежазба
     Отбасы күніне орай ұйымдастырылған "Мен отбасыммен мақтанамын" атты шағын бейнежазба түсіру байқауында Лучший деп танылған бейнежазба.
Талдықорған қаласында Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары
25
август
2022
Талдықорған қаласында Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары
   Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт комитетінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеден мектебіміздің 11-сынып оқушысы, балалар мен жасөспірімдерге арналған «SADU» спорт мектебінің еркін күресшісі Шулгаубаев Естай Алтаевич (80 келі салмақта) топ жарып, чемпион атанып, алтыннан алқа тақты.      Естай, сені шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз.
"Жігіт сұлтаны" 2022 байқауы
30
апрель
2022
"Жігіт сұлтаны" 2022 байқауы
📌Мектебімізде 5-7 сыныптар аралығында "Жігіт сұлтаны-2022" байқауы өтті. Байқауымыз 4 кезеңнен тұрды. I кезең. Таныстыру ІІ кезең. Өнерлі жігіт ІІІ кезең. Шынықсаң шымыр боласын ІV кезең. Сұрақ жауап Байқауымыздың қорытындысына келетін болсақ: "Жігіт сұлтаны-2022" І орын-Алпысбай Нариман 5"а" сыныбы ІІ орын-Жамантаев Алдияр 5 "ә" сыныбы ІІІ орын-Аманғали Мансұр 7"а" сыныбы ІІІ орын-Мұхаметжан Ерсайын 6"а" сыныбы Жүлделі болған барлық қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!
"Біз бақытты баламыз" атты сурет байқауы
25
апрель
2022
"Біз бақытты баламыз" атты сурет байқауы
    25.04 күнінен бастап Эстетикалық пәндер бірлестігінің апталығы басталды. Апталық шымылдығын көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Балалар жылына орай "Біз бақытты баламыз" атты сурет байқауымен ашты. Байқау 3 сыныптар арасында өтті. Байқау ережесі бойынша сынып жетекші және 2 оқушы бірлесіп сурет салды. Суреттер тақырыпқа сай бейнеленді. Байқау нәтижесінде: 1 орын-3а сынып 2 орын-3в сынып 3 орын-3б мен 3ә сыныптар иеленді. Байқауға белсене қатысқандары үшін сынып жетекшілері мен оқушыларға алғыс
"Әнші балапан" ән байқауы
25
апрель
2022
"Әнші балапан" ән байқауы
    Эстетикалық пәндер бірлестігінің жоспары бойынша апрель айының 14 күні музыка пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепішілік 2 сыныптар арасында "Әнші балапан" ән байқауы өтті. Балалардың өнерін аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Қисабекова Гулжан,Акымжан Ділбар әділ бағалады. Байқау қорытындысы бойынша: "Бас жүлде" - Нұрболатұлы Алихан 2в 1 орын- Нұрланқызы Алина 2б 2 орын -Ешмухамбет Азиза 2ә, Нұржан Тоқжан 2в, Жангельдықызы Аяулым 2в 3 орын-Маратова Асима 2б, Дүйсенбекұлы Нұрбол 2ә,
Аудандық "Мағжан оқулары", "Ільяс оқулары"
19
апрель
2022
Аудандық "Мағжан оқулары", "Ільяс оқулары"
   05.04.2022 күні Алмалы орта мектебінде "Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі-Мағжан Жұмабаев"-деп З.Қабдолов бағасын берген сыршыл ақын шығармашылығы бойынша аудандық "Мағжан оқулары" және жерлес, "Поэзия Құлагері" атанған ақынымыздың шығармашылығы бойынша "Ільяс оқулары" өтті. Мектебімізден қатысқан 8 “Б”сынып оқушысы Нұрқабыл Ақмер Ільяс оқуынан 3-орын иеленді. Жетекшісі-Л.Ерболаева. "Мағжан оқуынан" "Толқынмен толқын сырласып"
"Тез оқуды үйреніңіз" атты Республикалық жылдам оқу сайысы
01
апрель
2022
"Тез оқуды үйреніңіз" атты Республикалық жылдам оқу сайысы
    17 март күні аудандық кітапханада "Қазақстандағы балалар жылы"аясында балаларды мұкият және тез оқуға үйрету мақсатында "Тез оқуды үйреніңіз" атты Республикалық жылдам оқу сайысында үздік нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің 4ә сынып оқушысы Әлайдар Бейімбет I орын алғаны үшін дипломмен марапатталды, жетекшісі Джулдасбаева Саулет Абубакировна! Құттықтаймыз💐  
Облыстық «Зерде» конкурсы
29
март
2022
Облыстық «Зерде» конкурсы
    «Зерде» конкурсы оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық қабілетін анықтайды. Конкурстың басты мақсаты балалардың танымдық қызығушылықтары және зияткерлік - шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Конкурстың басты міндеттері: - оқушылардың зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту; -ғылыми-техникалық және зияткерлік шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету;
lll тоқсан қорытындысы бойынша "Жылдам оқу" сайысы
28
март
2022
lll тоқсан қорытындысы бойынша "Жылдам оқу" сайысы
Бастауыш сыныптар арасында ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша "Жылдам оқу" сайысы өтті. Оқушылар белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлде алған оқушылар 📍1а сынып оқушысы Қажикен Дінмұхамед 📍2в сынып оқушысы Бақытбек Алинұр 📍3а сынып оқушысы Тоқтасын Али 📍4б сынып оқушысы Марат Назерке  
"Сардар" облыстық кешенді олимпиада
19
март
2022
"Сардар" облыстық кешенді олимпиада
     Алматы облысы Талдықорған қаласында өткен 11-сынып оқушылары арасында әскери-патриоттық "Сардар" облыстық кешенді олимпиадасына мектебіміздің 11 сынып оқушысы Жұматай Бегәлі қатысып жүлделі 1 орынды иеленді. Медаль және 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: АӘжТД оқытушы ұйымдастырушысы Давлеткенов Ж