Облыстық «Зерде» конкурсы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
29
март
2022

Облыстық «Зерде» конкурсы

   «Зерде» конкурсы оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық қабілетін анықтайды. Конкурстың басты мақсаты балалардың танымдық қызығушылықтары және зияткерлік - шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Конкурстың басты міндеттері:
- оқушылардың зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту;
-ғылыми-техникалық және зияткерлік шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету;
- оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми-ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және демонстрациялау болатын. Топ жарып шыққан жас ғалымдардың жұмысы облыстық додаға жолдама алды. Облыстық сайыстың нәтижесінде бастауыш буын бойынша 3 “б ”Аянқызы Айым ІІ орынды, ағылшын тілі 5 «А» Әліпбай Асылжан ІІІ орынға, 3 секция - математика, 6 «А» Қуатбек Балжан ІІІ орынға ие болды.
Құттықтаймыз💐💐💐