«Табысты басшы» жобасы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
30
ноябрь
2021

«Табысты басшы» жобасы

      2021 жылы 30 ноябрь күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Табысты басшы» жобасы аясында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
     Байқау шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және білім беру ұйымының табысты көшбасшыларын насихаттау мақсатында өткізіледі.
Байқаудың міндеттері:
 білім беру ұйымдарының басқарудағы озық тәжірибелерін айқындау және тарату;
 басқару әрекетіндегі инновациялық тәсілдерді қолдану;
 облыстағы білім беру ұйымдарының басқару әлеуетін арттыру;
 білім беру ұйымдарындағы табысты көшбасшылардың деректер қорын
жинақтау;
 білім беру ұйымы басшысын әлеуметтік және кәсіби имиджін
қалыптастыру;
 білім беру ұйымдарын басқаруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жетілдіру;
 білім беру жүйесін дамытудағы басшылар беделін арттыру.
Байқауға қатысқан мектеп басшылары арасынан мектебіміздің директоры
Есенгулова Нурзиля Бакытжанқызы І дәрежелі дипломмен марапатталып, облысқа жолдама алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ💐💐💐💐💐💐