«Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды сайыс
Мектебімізде 18 апрель күні Жаратылыстану-тарих айлығының жоспарына сәйкес, 6 сыныптар арасында тарих пәні бойынша «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Сайысқа 3 топ қатысып, жүлделі орынға ие болды. І орын-6ә сынып оқушылары ІІ орын – 6а сынып оқушылары ІІІ орын -6б сынып оқушылары марапатталынды.