
Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!

Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая!

Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
*Тіл – халықтың жаны!*
*Тіл – халықтың жаны!*
Мектебімізде жас ұрпаққа ана тілімізді құрметтеуді, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетіне түсіністікпен қарауды үйрету мақсатында *«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»* атты Тілдер мерекесіне арналған апталықтың *салтанатты ашылу жиыны* өтті.
Бұл мереке – еліміздегі түрлі ұлттардың тілі мен мәдениетіне деген құрметтің, достық пен ынтымақтың айқын көрінісі болды.
Іс-шара барысында оқушылар әр ұлттың туларын көтеріп, сол халықтың тілінде жылы лебіздерін білдіріп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
🎉 *Тіл – ұлттың қазынасы, рухани байлығы!*
Апталық түрлі танымдық әрі тәрбиелік шаралармен жалғасын табатын болады.