Қарттар – қазына!
1 октябрь – Қарттар күніне орай мектебімізде 10-сыныптар ардагер ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ақ сақалды аталарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар ардагерлерге ән мен жыр арнап, би билеп, өздерінің өнерлерін паш етті. Қонақтар құрметке бөленіп, кеш соңында жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын берді.
Бұл – өскелең ұрпақтың үлкенге деген құрметі мен алғысының айқын көрінісі.
Қарттарымыз аман болсын! Өмірлері шаттық пен мейірімге толы болғай!