Қарттар күні мерекесі » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
24
октябрь
2017

Қарттар күні мерекесі

2017 жылдың 30 сентябрь Абай атындағы мектеп гимназияда «Қарты бардың салты бар», «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ұстаздар мен білім беру саласының ардагерлері, жиынның қонақтарымен рухани әдеби-сазды тарихи кездесу кеші өтті.
Кештің мақсаты: Ұстаздарды, қарттарды қадірлей білуге құрметтеуге, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын білу, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрену.
Кездесу кешіне мектептің барша ұстаздары және мектебімізден зейнеткерлікке шыққан қарт ұстаздар қатысты. Шақырылған қонақтар ішінде бұрынғы мектеп директоры, қазіргі кезде Туркия елінде тұратын Дүйсенбинова Жансая Данияровна, неміс тілінің мұғалімі Октябрьатова Кулай Күмісбековна, қазақ тілі, қазақ әдебиеті және араб тілі пәндерінің мұғалімі Есіркегенов Болатхан, сонымен қатар Смаханова Ұлжан, Таймова Күланда Мұқатаевна, Бимолдинов Амангелді, Бимолдинова Шайнұр, Рымтаева Рая, Қожасбаева Гульмахим, осы күні мектебімізде қызмет атқарып жүрген қарт ұстаздар Шоманова Сайраш, Жумжуменова Мариям, Оспанов Серік кештің құрметті қонақтары болды.
Мектеп директоры Н.Есенгулова ұстаздарды, қарттарды төл мерекелерімен құттықтап, кешімізді бастады. Келесі сөз кештің құрметті қонағы Дүйсенбинова Жансая Данияровнаға берілді. Кеште ұстаздардың барлығы ат салысып, барынша өз өнерлерін көрсетті. Қазақ әдебиеті және араб тілі пәндерінің мұғалімі Есіркегенов Болатхан кешті қорытындылап, жас ұстаздарға өз батасын берді. Соңында ардагер ұстаздардың құрметіне үлкен дастархан жайылды.
Қарттар күні мерекесі
[center]

Похожие публикации:

24 октябрь 2017 Рухани жаңғыру
24 октябрь 2017 Үш тілділік
24 октябрь 2017 Тілдер мерекесі