Преподаватели жетістіктері » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» » Преподаватели жетістіктері
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
Облыстық RoboTech 2025 байқауы
20
декабрь
2025
Облыстық RoboTech 2025 байқауы
Облыстық RoboTech 2025 байқауында ІІІ орын алған информатика пәнінің мұғалімдері Мыңбай Елшат пен Дулат Қанатжанұлы шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен шығармашылықтарыңыз – оқушыларға шабыт пен сенім беретін нағыз үлгі. Осындай ұстаздардан білім алған оқушыларымыз да жаңа жетістіктерге жететініне сенімдіміз. Алдағы уақытқа жаңа жобалар, биіктер және зор шығармашылық табыс тілейміз! 👏  
«Шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау, қолдау және ілгерілету» XV Халықаралық конференциясы
15
декабрь
2025
«Шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау, қолдау және ілгерілету» XV
Мектебіміздің  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Максименко Наталья Сергеевна Минск қаласында өткен «Шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау, қолдау және ілгерілету» XV Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты. Конференция 22 елден келген орыс тілі мамандары мен гуманитарлық білім беру саласының өкілдерін біріктірді. Конференция кәсіби диалог жүргізуге, педагогикалық тәжірибе алмасуға және орыс тілін халықаралық білім беру кеңістігінде оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
15
декабрь
2025
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
15 декабрь Муратбекова Альбина Муратовна Талдықорған қаласында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне «Сабақ айтқан соң…» бағыты бойынша қатысып, сертификатқа ие болды. Аталған фестиваль тәжірибе алмасуға, тың идеялармен бөлісуге және кәсіби дамуға үлкен мүмкіндік берді. Алдағы уақытта жаңа ізденістер мен шығармашылық табыстар көп болсын! 
Республикалық «Олимп шыңы» педагогтардың олимпиадасы
21
ноябрь
2025
Республикалық «Олимп шыңы» педагогтардың олимпиадасы
Республикалық «Олимп шыңы» педагогтардың олимпиадасында қазақ тілі пәні мұғалімі Арғынбаева Аида Ембергеновна 2-орын иеленді! Бұл — тынымсыз еңбектің, кәсіби шеберліктің, білімге деген сүйіспеншіліктің жарқын нәтижесі. Құттықтаймыз Аида Ембергеновна! Жаңадан ашылатын белестер мен толағай табыстар көп болсын!👏  
«Құрмет грамотасымен» марапатталды
20
октябрь
2025
«Құрмет грамотасымен» марапатталды
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Мектебіміздің ұстазы Смаханов Арыстанбек Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Бұл марапат – жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулудағы, шәкірт тәрбиелеудегі жемісті еңбегі мен кәсіби шеберлігінің айғағы. Әріптесіміздің еңбегі еленіп, табыстары жалғаса берсін!
«Лучший дене шынықтыру педагогі – 2025» байқауы
19
октябрь
2025
«Лучший дене шынықтыру педагогі – 2025» байқауы
15 октябрь күні өткен аудандық «Лучший дене шынықтыру педагогі – 2025» байқауында мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Дюсембеков Нұрлан жүлделі ІІ орынды иеленді. Жоғары кәсібилігі мен еңбектегі табандылығы үшін құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз толастамай, алар биігіңіз көп болсын!  
Құрмет грамотасы
09
октябрь
2025
Құрмет грамотасы
Бүгін мектебіміздің мақтанышы, шәкірт жүрегіне мейірім мен білім нұрын сеуіп жүрген ардақты ұстазымыз Индира Ғалымжановна аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды! Бұл марапат – Сіздің ұзақ жылғы еңбегіңізге, кәсібіңізге деген адалдығыңызға және шәкірт тәрбиесіне сіңірген зор үлесіңізге берілген лайықты баға. 🌟 Индира Ғалымжановна, еңбегіңіздің жемісі мол болып, шәкірттеріңіздің жетістігі Сіздің ең үлкен қуанышыңыз бола берсін! 💐 Жаңа табыстар мен жарқын сәттер көп болсын!  
“Ұстаздар күніне” ұйымдастырылған аудандық салтанатты жиын
09
октябрь
2025
“Ұстаздар күніне” ұйымдастырылған аудандық салтанатты жиын
Биылғы оқу жылында зейнетке шығатын ардақты ұстазымыз Данагул Мухатаевна. “Ұстаздар күніне”ұйымдастырылған аудандық салтанатты жиында, жылдар бойғы тынымсыз еңбегі мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды! Ұстаздық жолдағы адал қызметіңіз, шәкірт жүрегінде қалдырған жылы ізіңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз! Данагул Мухатаевна, 40 жылдық еңбегіңізге мың тағзым! Сан ұрпаққа бағыт-бағдар берген өнегеңіз бен мейіріміңіз мәңгі есімізде. Зейнет
«Педагогикалық идеялар панорамасы»
07
октябрь
2025
«Педагогикалық идеялар панорамасы»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының Жетісу облысы бойынша 500-ге жуық ұстаз бақ сынады. Соның ішінде 38 ұстаз жүлделі орынға ие болды. Сол үздіктердің қатарынан біздің мектебіміздің ұстаздары: 2 және 3 орындарды иеленді: 🔹 Наталья Сергеевна 🔹 Нурсулу Сергазиевна 🔹 Альбина Муратовна *«Мәдениетаралық сауаттылық»* номинациясы бойынша жүлделі орын иеленді! 🏆 Ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, биік белестерден көріне
Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды!
07
октябрь
2025
Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды!
Білім беру саласындағы табысты еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі жоғары нәтижелері үшін мектебіміздің ұстазы Мыңбай Елшат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды! 👏 Бұл марапат – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен адал еңбегінің, шәкірттеріне деген жанашырлығының және мектеп ұжымының ортақ еңбегінің нәтижесі. Ұжым атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз елене берсін, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! 
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 15 Вперед