Ұлттық тәрбие » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
Мектебімізде “Ұлттық киім” күні өтті
20
октябрь
2023
Мектебімізде “Ұлттық киім” күні өтті
Мектебімізде “Ұлттық киім” күні өтті. Мектеп ұстаздарымен оқушылары ұлттық нақышта әшекей бұйымдар тағып, ұлттық киімдерімізді киіп келді. Көз жауын аларлық киімдеріміз оқушыларымызға ерекше рухты сезім берді. Ұлттық құндылықтарымызды бірге дәріптейік!    
"Домбырам меніменен егіз бе едің?" атты домбыра аспабында ойнау және ұлықтау күні өткізілді
19
октябрь
2023
"Домбырам меніменен егіз бе едің?" атты домбыра аспабында ойнау және
“Төрт тоқсан-төрт өнер” іс-шара аясында "Домбырам меніменен егіз бе едің?" атты домбыра аспабында ойнау және ұлықтау күні өткізілді.  
Түлектер 40 жылдық
25
сентябрь
2023
Түлектер 40 жылдық
  Біз, 1973-1983 жылғы Абай орта мектебінің түлектері, туған жерге кіндік қанымыз тамған өлкемізге 40 жыл артқа салып, балалық бал дәуренге саяхат білім нәрін сусындатқан алтын ұя мектебіміздің есігін таудай болған мезетте қайта ашып, сыныпқа партаға қайта 1 сағат болса да отырдық. Арманымыз жүзеге асты. Бүгінгі ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымына, бізді құшақ жайып қарсы алған мектеп директоры Сайлау Жекенқызына алғысымыз шексіз.   Он жыл бізге білім нәрін сусындатып, осы ұядан ұшу үшін
"Таза, терең, өткір, күшті кен-тілім" атты мерекелік іс шара өтті
22
сентябрь
2023
"Таза, терең, өткір, күшті кен-тілім" атты мерекелік іс шара өтті
21.09.2023 жылы тілдер апталығының аяқталуына орай және Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арнап  "Таза, терең, өткір, күшті кен-тілім" атты мерекелік іс шара өтті. Қорытынды кешке 5А, 6 А, 8А сыныптары белсене қатысты. Бір сағат көлеміне созылған іс шарадан ақынның өмір жолы мен шығармашылығынан көріністер қойылып, өлеңдері оқылды. Патриоттық тақырыпта әндер айтылып, мектебіміздің бишілері мың бұрала қазақ биін билеп шықты. Іс шараға жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің
"Язык-сокровищница знаний" интеллектуалды ойын
21
сентябрь
2023
"Язык-сокровищница знаний" интеллектуалды ойын
21 сентябрь күні тілдер мерекесіне арнайы 5 сыныптар арасында интеллектуалды ойын өткізілді. Тақырыбы:"Язык-сокровищница знаний". Интеллектуалды ойынның мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. I-орын 5а сыныбы II-орын 5б сыныбы III-орын 5в сыныбы Белсене қатысқаны үшін 5ә сыныбы Ұйымдастырушылар: орыс тілі мен әдебиет пәнінің
2-сыныптар “Тіл мәртебесі-ел мәртебесі” атты тәрбие сағаты
20
сентябрь
2023
2-сыныптар “Тіл мәртебесі-ел мәртебесі” атты тәрбие сағаты
Қазақ тілі – әлемдегі 6 мыңға жуық тілдің ішінде қолдану өрісі жағынан 70-ші, ал тіл байлығы жағынан алғашқы ондықта. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған – мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр.Осы орайда, 2-сыныптар “Тіл мәртебесі-ел мәртебесі” атты тәрбие сағатын өткізіп, өз өнерлерін ортаға салды.  
3 сыныптар арасында «Мың бір-мақал, жүз бір-жұмбақ» атты интеллектуалды сайыс өтті
20
сентябрь
2023
3 сыныптар арасында «Мың бір-мақал, жүз бір-жұмбақ» атты
20.09.23 күні тіл мерекесіне 3 сыныптар арасында «Мың бір-мақал, жүз бір-жұмбақ» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты оқушылардың тілге деген құрметін арттыру және ой өрісін дамыту. Іш-шараға оқушылар қызыға қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Сайыс қортындысы бойынша: 1 орын-3а сыныбы 2 орын-3б сыныбы 3 орын-3ә сыныбы иеленді. Ұйымдастырушы сынып жетекшілер: Бекболатова Д., Баяхметова Г., Бектұрғанова Ж.  
Ақындар айтысы өнеріне арналған іс-шара жоспары
20
сентябрь
2023
Ақындар айтысы өнеріне арналған іс-шара жоспары
“Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы бойынша Ақындар айтысы өнеріне арналған іс-шара жоспарында мектебімізде Қазақ тілі және музыка пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен таланттарды анықтау мақсатында Іріктеу кезеңі өткізілді. Мақсаты оқушылардың талантын ашу, сөздік қорларын дамыту!  
“Бір үйдің баласымыз” тақырыбында тілдер мерекесі аталып өтті
19
сентябрь
2023
“Бір үйдің баласымыз” тақырыбында тілдер мерекесі аталып өтті
Мектебімізде тілдер күні қарсаңында “Бір үйдің баласымыз” тақырыбында тілдер мерекесі аталып өтті. Мектеп оқушылары әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімін киіп, әр елдің тағамдарын алып келді. Сондай-ақ сол тілде ізгі тіліктерін білдірді. Мектеп мұғалімдері және ата-аналар тағамдардан дәм татып, өзге ұлт өкілдері туралы қызықты ақпараттар біліп қайтты.  
"Тілдер мерекесінің" ашылуы
18
сентябрь
2023
"Тілдер мерекесінің" ашылуы
18 сентябрь "Тілдер мерекесінің" ашылуына орай қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Тіл - алтын қазына" тақырыбында іс-шара өткізілді. Биылғы жылы өтетін атаулы күндерге арналған қабырға газеттері шығарылды, викториналық сұрақтар, мақал-мәтелді жалғастыру, жаңылмай жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу сияқты сайыстар өтті. Нәтижесінде үздіктер анықталды.