Достижение школьников » Страница 27 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
7-8 сынып қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасы
03
декабрь
2022
7-8 сынып қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасы
 Мектебіміздің оқушылары Сарқан ауданының баскетболдан 7-8 сынып қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасынан 1 орын алып, облысқа жолдама алды. Нұрболтқызы Арай ең үздік ойыншы атанды  
"Вокал"  республикалық байқауы
28
ноябрь
2022
"Вокал" республикалық байқауы
  "Атадан-мұра" қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған "ART BAITEREK "Республикалық байқауында "Вокал" номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін мектебіміздің 5 ә сынып оқушысы Қадыржан Айару 3-орынмен марапатталды. Жетекшісі : музыка пәнінің мұғалімі Айдарханова Балхаш Дуйсенбайқызы.  
"Азия кубогының" қол күресі
28
ноябрь
2022
"Азия кубогының" қол күресі
 21-26 ноябрь аралығында Өзбекстан, Ташкент қаласында өткізілген "Азия кубогының" қол күрестен қола жүлдегерлері біздің мектебіміздің 10"А" сынып оқушылары: Жуманов Ислам мен Хапез Үмбет.  Біздің мектебіміздің ғана емес, Қазақстанымыздың мақтаныштарын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және биік-биік асуларды бағындыра беруіне тілектеспіз! 🎉🎉🎉  
Облыстық “Зерде” байқауы
26
ноябрь
2022
Облыстық “Зерде” байқауы
 Облыстық “Зерде” байқауында аудан атынан қатысқан мектебіміздің жас зерттеуші оқушылары мықтылардың қатарынан көрінді. Қазақ тілі мен әдебиет секциясы бойынша қатысқан Бейсенбай Зікірия жүлделі 1-орынға ие болса, ағылшын тілі секциясы бойынша қатысқан Ахметова Тахмина 1-орынға ие болды. Информатика секциясы бойынша қатысқан Қайролда Каусар мен Думанқызы Айдана “Алғыс хатпен” марапатталды. Жарайсыңдар, жас ғалымдар! Жетекшілері: Арғынбаева Аида Ембергеновна Қалибаева Арай Сатыбалдықызы
Облысы Жаркент қаласында баскетбол жарысы
19
ноябрь
2022
Облысы Жаркент қаласында баскетбол жарысы
Жетісу облысы Жаркент қаласында баскетболдан өткен жарыста мектебіміздің оқушылары І-орын иеленді. Ең үздік ойыншы Темірхан Балауса атанды. Оқушыларымыз: Нұрболтқызы Арай. Темірхан Балауса. Қуатбек Каусар. Қуатбек Мунира. Уразмолда Шолпан. Азаматқызы Аруна. Тоқтасын Наргиза. Рысбаева Альбина . Дене шынықтыру мұғалімі: А.Смаханов
Джиу-джитсудан Әлем чемпионаты
15
ноябрь
2022
Джиу-джитсудан Әлем чемпионаты
    2022 жылдың 29 октябрь-8 ноябрь күндері аралығында Біріккен Араб Әмірлігі Абу-Даби қаласында әлем үздіктері жиналып, джиу-джитсудан Әлем чемпионатында бағын сынауда, Сарқан ауданының спортшысы, мектебіміздің оқушысы Жолдасқан Дастан Алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанса, мектебіміздің тағы бір оқушысы Сатыбалды Еркебұлан қанжығасына Қола медаль байлады. Жеңістеріңіз құтты болсын жас спортшылар!!!  
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық байқауы
09
ноябрь
2022
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық байқауы
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: - «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын жандандыру; - Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; -Балалар мен жастардың азаматтық және құқықтық мәдениетінің деңгейін жетілдіру. Мектебіміздің "Абай жастары" командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.Байқауға қатысқан оқушылар Қлышпаева Алина 10 "а" сыныбы Нұртілеу Мирас 9 "а" сыныбы Бейсбек Назым 9 "а" сыныбы Өмірбекова Балауса 8
Жетісу облысының чемпионаты
01
ноябрь
2022
Жетісу облысының чемпионаты
 2009-2010 жылғы ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан Қазақстан Республикасының күзгі чемпионатынан 8 “а” сынып оқушысы Нұрболатқызы Арай ІІІ орынмен, Жетісу облысының чемпионатында 2006-2007 жылғы туылған жасөспірім арасында ІІІ орын, ал 2007-2008 жылғы туылған жасөспірім арасында ІІ орынмен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!!  
Облыстық Әбіш оқуларында мәнерлеп оқудан
31
октябрь
2022
Облыстық Әбіш оқуларында мәнерлеп оқудан
 Облыстық Әбіш оқуларында мәнерлеп оқудан сайысқа қатысқан 8-сынып оқушысы Омирбекова Балауса жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Аубакирова Меруерт Сейтовна, құттықтаймыз💐💐💐