“Декабрьдағы ерлік — бүгінгі ұрпаққа аманат” атты тағылымды кездесу
16 декабрь Тәуелсіздік күніне орай Абай атындағы мектеп-гимназиясында “Декабрьдағы ерлік — бүгінгі ұрпаққа аманат” атты тағылымды кездесу өтті. Тәуелсіздік жолында күрескен Декабрь оқиғасының ардагерлері Ақжолов Мұрат пен Сасықбаев Қайырбек мектеп қонағы ретінде шақырылып, өздерінің бастан өткерген оқиғаларымен бөлісті. Сонымен қатар, кездесуге Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сарқан ауданының құрметті азаматы Ерболаев Әлібек Аруарбекұлы және аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ана