“Шұбар доп” волейбол жарысы
2025 жылдың ноябрь айында өткен Ұлттық Мектеп Лигасы аясындағы “Шұбар доп” волейбол жарысында 9-11 сынып ұлдары арасындағы аудандық кезеңнен Абай атындағы мектеп-гимназиясы 1 орын иеленді. Оқушылар ұйымшылдық пен жоғары дайындық танытып, үздік ойын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жетекшілері: Мырзахметов Асет, Аухадиев Аслан Жеңімпаздарды және жаттықтырушыларын құттықтаймыз. Облыстық кезеңде де сәттілік тілейміз.