Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауы
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
22
желтоқсан
2023

Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауы

Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауының қорытындысы жарияланды. Оған 1000-нан астам педагог қатысты, 100 педагог ақшалай сыйақыға ие болды.
🗣Конкурстың мақсаты – түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің аспаптық және пәндік сауаттылықты дамыту бойынша заманауи оқыту технологиялары мен әдістемелерін, озық педагогикалық идеяларын таныстыру және тарату.
▶️Алғаш рет бейнесюжеттер пәндер немесе әдістемелер бойынша емес, функционалдық сауаттылық түрлері бойынша әзірленді. Ол 12 бағытты қамтыды: ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, денсаулық мәселелері бойынша сауаттылық (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық.
🟡Қатысушылардың бейнематериалдарын Өңірлік сараптамалық кеңес 7 критерий бойынша бағалады: өзектілік, дәлелділік, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, жаңашылдық, сөйлеу мәдениеті және шешендік шеберлік, аудио/бейнематериалдарды беру сапасы.
🎬Байқау қорытындысы бойынша 92 педагог жеңімпаз болып танылды. 1 орын үшін 150 000 теңге, 2 орын үшін 100 000 теңге және 3 орын үшін 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, әр бағыт бойынша YouTube-те ең көп қаралым жинаған бейнематериалдардың авторлары анықталды. Осы байқауда Жетісу облысы бойынша өткен байқауда 1-орын алған орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Максименко Наталья Сергеевна 3-орынға ие болып, 80 мың теңгені қанжығасына байлады! Құттықтаймыз💐💐💐