МИФ бірлестігінің апталығы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МИФ бірлестігінің апталығы
11
ақпан
2022

МИФ бірлестігінің апталығы

   07.02–11.02 аралығында МИФ бірлестігінің апталығы өтті. Апта басында оқушылардың олимпиада тапсырмаларына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 5-10 сынып оқушылары арасында «МИФ әлемінде» олимпиадасы өткізілді, олимпиада 3 кезеңді қамтыды. Келесі кезекте оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын арттыру мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында «ІТ әлемі» интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі PISA халықаралық зерттеуіне дайындықты арттыру және математикалық сауаттылық деңгейлерін көтеру мақсатында 8-10 сынып оқушылар арасында «PISA -2022» интеллектуалды сайысы өтті. Сонымен қатар 7- сынып оқушылар арасында оқушылардың тәжірибелік жұмыстарды өткізуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Жас білгірлер» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Барлық сайыстарға белсенді қатысқан оқушылар анықталып, жеңімпаздар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.
   МИФ бірлестігінің апталығын қорытындылау мақсатында математика пәнінің мұғалімі педагог-модератор Жанузах Тилеген «Пизаға дайындық жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдары» атты семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты: Пизаға дайындық жұмыстарын жүргізуде Google Forms платформасын қолданудың тиімділігін көрсету. Семинарға пән мұғалімдері қатысып ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.
    Сондай-ақ мектеп мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Көңілді тапқырлар» қызықты эстафетасы өткізілді. Эстафета 8 кезеңнен құралды, әр кезең әр түрлі тапсырмалар берілді. Тапсырмалар логикалық бағыт пен спортты да қамтыды. Эстафетаға 4 команда қатысып бақ сынасты. 
     Нәтижесінде: Бас жүлде «Білгірлер», І орын «Сұңқарлар», ІІ орын «Тұлпарлар», ІІІ орын «Барыс», командалары марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Апталық оқушыларға сапалы сабақ пен қатар білімдерін сынауға үлкен мүмкіндік болды деген ойдамыз.