Облыстық "Ш" дыбысын машықтандыру » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Облыстық "Ш" дыбысын машықтандыру
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
20
қаңтар
2023

Облыстық "Ш" дыбысын машықтандыру

2023 жылдың 18 қаңтар күні логопед мамандарына арналған "Ш" дыбысын сөзде, сөйлемде машықтандыру тақырыбында өткен облыстық вебинар мектептің логопед маманы Сарсенова Роза Лесовна іс-тәжірибесімен бөлісті. Іс-тәжірибе барысында дыбыстарды ойын арқылы сөзде,сөйлемде жаттықтыруды,арнайы дыбыстарға арналған бейне сабақтарды қолдану тәсілін,сабақ барысында ата-аналармен тікелей жұмыс түрлерін,жалпы ерекше білімді қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін көрсетіп өтті. Сабақтың басында ата-ана өз баласының сөйлеу тілі түзеліп,түзету сабағынан жақсы нәтиже көріп отырғанын айтып өтті.Түзету сабағында сергіту сәтін нейрогимнастикалық жаттығуды пайдалана отырып балаға қызықты етіп өткізді.Облыстан қатысқан әдіскер Талшын Даулетқызы сабақты жақсы деңгейде өткенін айтып бағасын берді.