Алматы облыстық білім беру саласындағы тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының кестесіне сәйкес мектебіміздің білікті ұстазы 1 "" сынып жетекшісі Мұратбекова Альбина Мұратовнаның сауат ашу пәнінен ""Х" дыбысы мен әрпі" тақырыбындағы сабағы облыс көлемінде тікелей көрсетілім арқылы жүргізілді. Сабақ барасында оқушылар мұғалімнің түрлі дидактикалық материалдары мен кесте-қималарымен жұмыс жасады. Бейне-ролик көрсетіліп өсиет пен өнеге де айтылды. Оқушылардың жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларының іргетасы қаланғаны сабақты тамашалаған ұстаздарға қызықты, сапалы болғанын сабақ соңында берілген кері байланыстарынан -ақ байқауға болады. Облыс көлемінде өз тәжірибиесін таратқан Альбина Мұратқызына


толағай табыс, шығармашылық шыңдау тілейміз!💐💐💐💐