Бүгін мектебіміздің информатика пәні мұғалімдері мен белсенді оқушылары «Желідегі қауіпсіздік» атты челленджге белсене қатысты.
Челлендждің мақсаты – жас ұрпақтың цифрлық мәдениетін қалыптастыру,
интернет кеңістігінде өзін және өзгені қорғауға үйрету. Қазіргі заманда интернет – ақпарат пен мүмкіндіктің көзі. Бірақ қауіпсіздік ережесін сақтамаса, ол қауіпке де айналуы мүмкін.
Өзіңді және жақындарыңды қорғау үшін есте сақта👇
🔹 Жеке мәліметтеріңді жариялама.
(Мекенжай, телефон нөмірі, құжат суреті – құпия ақпарат!)
🔹 Бейтаныс сілтемелерге өтпе.
Киберқылмыскерлер осылайша жеке деректерді ұрлайды.
🔹 Құпия сөздеріңді жиі жаңартып отыр.
Әр платформаға бөлек, күрделі пароль таңда.
🔹 Жалған ақпаратқа сенбе.
Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексер.
🔹 Интернетте мәдениетті бол.
Біреудің намысына тиме, жағымсыз пікір қалдырма.
🌐 Қауіпсіз интернет – сенен басталады!