«Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы алаңы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы алаңы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
02
маусым
2025

«Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы алаңы

02 маусым 2025 жылы Абай атындағы мектеп-гимназиясында «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы алаңының алғашқы күні қызықты әрі мазмұнды өтті. Таңертең балалар бой жазу жаттығуларын жасап, жазғы алаңның ашылу салтанатына белсене қатысты.
Күні бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: балалар асфальтқа сурет салып, өзара түрлі тақырыпта әңгімелесті. Сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы тәрбие сағаты өтіп, балаларға адалдық пен әділдік жайлы түсінік берілді. Сонымен қатар, салауатты өмір салты туралы ауқымды акция ұйымдастырылып, пайдалы ақпараттар ұсынылды.
Күннің соңы тәрбиелік мәні бар фильмдер мен көңілді ойындарға ұласып, балалар керемет көңіл күймен демалды. Балалардың жүзіндегі шаттық пен көздеріндегі қуаныш – күнінің сәтті басталғанының айғағы деп білеміз.
Балаңыздың уақыты қызықты әрі пайдалы өткенін қаласаңыз, жазғы алаңда сіздің балаңызды асыға күтеміз!
Ойын мен білім қатар жүретін бұл алаң – баланың демалысын мазмұнды әрі көңілді өткізуге таптырмас мүмкіндік.