Әрбір ата-ана үшін баладан асқан бақыт жоқ. Сондықтан олардың амандығы мен қауіпсіздігі бірінші орында болуы қажет.Ата-ана үйде балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы қажет. Бұл біздің басты міндеттеріміздің бірі болуы керек. Бастауыш сынып оқушысы үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін балаға жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөлуді, үйреткен дұрыс. Ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны анық.”Бала қауіпсіздігі-басты назарда” екенін ұмытпайық!