Ата-аналарға психологиялық кеңес » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
05
қыркүйек
2022

Ата-аналарға психологиялық кеңес

АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС

1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.

2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 

4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 

5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз. 

6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 

7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.

8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.

9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз. 

10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар. 

11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды. 

12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

   Ата – аналарға кеңес 

1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз. 
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса.

4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету. 
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 

7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.

8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. 

9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 

10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз. 
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.

12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. 

13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.

14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз. 
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз. 

16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.

17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз. 

18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз. 
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.


                                Ата-ананың қателіктері:

1-қателік-  Ата-ананың «Мектепте барлық нәрсені үйретуге тиіс,баланың миын ашытудың қажеті жоқ» деген көзқарасы. Ия, әрине үйренеді бірақ қандай қиындықпен. Өйткені қалған құрбыларының деңгейінен төмен болса баланың өзіндік бағасы да төмен болады. Қарапайым әріптерді тануы, сандарды тануы, қарындашты ұстай білуі деген дағдылары болмаса балаға  құрбыларын қуып жетуіне  тер төгуі керек болады.

2- қателік- Ата-ананың «Мектепке дайындауда біздің қолымыздан ештеңе келмейді, ол тек педагогтардың ғана қолынан келеді»- деген көзқарасы.  Негізінде үй жағдайында өз анасының баламен түрлі ойын жаттығуларын жасауы көп көмегін тигізеді.  Тек қандай әрекет жасау керек екендігі туралы аздап ақылдасып, соған уақыт табылса болғаны.

3-қателік-  Соңғы уақытқа дейін жүріп аз ғана қалғанда баланы жұлқылап, күндіз түні демалыссыз үйрете бастау әрекеті.

4-қателік – Өз баласының қабілетін ескермеуі. Баланың қабілетімен санаспай жүктемелер қойып,талап етуі.  Тым жоғарғы талаптар қою.

5-қателік- Мектеппен қорқытып үркіту арқылы тәрбиелеу.