БИЛЕ-БИЛЕ БАЙҚАУЫ » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
02
мамыр
2019

БИЛЕ-БИЛЕ БАЙҚАУЫ





Биле-Биле" би байқауы.
📆02.05.2019жыл
⏰14:00де Абай атындағы мектеп гимназиясының тəрбие ісінің меңгерушілері жəне өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 1-мамыр бірлік күні мерекесіне орай "Биле-биле" би байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Мақсаты: мектебіміздің үздік би топтарын анықтау. Өнерлі де дарынды балаларын анықтап, қолдау көрсетуге жағдай жасау. Оқушылар арасында биге деген қызығушылықтарын арттыру, мектеп оқушыларының арасында би өнерінің танымды болуын насихаттау. Шара барысында мектеп көлемінен 11 команда қатысты, атап айтсақ: "Diamonds" 5"а" сынып оқушылары, "Legenda" 5"ə" сынып оқушылары, "Ayala" 5"б" сынып оқушылары, "Erke qyzdar" 6"а" сынып оқушылары, "Black" 6"ə" сыныбы, "Ásem qyzdar" 6"б" сыныбы, "Dance mix" 7"а"сыныбы, "Best friends" 7"ə" сыныбы, "Super group" 8"ə" сыныбы, "Extreme" 8"б" сыныбы, "Sky" 10"ə" сынып оқушылары.
Байқаудың шарты бойынша І кезеңде қатысушы командалар еркін тақырыпта би биледі. Əділқазылар алқасы ең алдымен бидің көркемдігіне, сахна мəдениетіне, сахналық киім үлгісіне баса мəн берді. Байқауда əділ қазылар алқалары əр командаға əділ бағаларын беріп, шабыттарына шабыт қосты. Байқау соңында келесі кезеңге өткен командаларға жолдама берілді.

Похожие публикации:

25 сәуір 2019 ЖАС СҰЛТАН
04 наурыз 2018 ақпарат