ЖАС СҰЛТАН » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
сәуір
2019

ЖАС СҰЛТАН

"Жас Сұлтан - 2019" мектепшілік байқауы.
📅25.04.2019жыл.
⏰15:00де
Абай атындағы мектеп гимназиясының "Өзін өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен оқушыларды жан-жақты дамыту мақсатында 8-10 сыныптар арасында "Жас Сұлтан - 2019" байқауы өткізілді. Байқау барысында мектеп көлемінен 5 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау қызу да, қызықты оқушыларымызға үлгі болатындай қатысушылар өнерлерін көрсетіп, өз деңгейінше марапатталды.
Бас жүлдені 8"а" сынып оқушысы Үпі Абай иеленгенімен аудандық "Жігіт Сұлтаны - 2019" байқау талабына жас ерекшелігі сай келмегендіктен аудандық кезеңге
І орын иеленген Байжомартов Ескендір жолдама алды.
ІІ орын - 9"ə" сынып оқушысы Дүйсенбек Шуақбол
ІІІ орын - 9"б" сынып оқушысы Мұратхан Ермахан.
Мамыр айының 19 күні өткізілетін Аудандық "Жігіт Сұлтаны - 2019" байқауына мектеп намысын қорғауға баратын оқушымызға сəттілік тілейміз!